Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Кітап оқу (қысқа мерзімді жоспарлар)
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Бөлім: Өзім туралы
№3 сабақтың тақырыбы: Кітап оқу
Сабақтың оқыту мақсаттары: 2. 2. 6. 1. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез – құлқы мен іс - әрекетін бағалау.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді, бағалауға қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар: кейіпкердің мінез - құлқы мен іс - әрекетіне баға бере алады.
Өткен сабақтардан алған білім: Алғаш рет оқуға келген күнім.

Сабақтың басы (5 минут)
Қызығушылықты ояту:
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Ой сергек: «Атомдар мен молекулалар»
Әр қатысушы – жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде аталған сан бойынша бірігіп тұра қалулары керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.

Сабақтың ортасы (30 - 35 минут)
Мағынаны ажырату
Ой қозғау
Сен қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың?
- күлдіргі оқиғалы;
- қорқынышты оқиғалы;
- таңғажайып оқиғалы;
- деректі оқиғалы;
- ешқандай оқиғасы жоқ.
Тақырыпты болжау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.
Оқылым.
Мәтінді түсініп оқы.
Қартқожа қандай кітап оқыған деп ойлайсың?
Жүсіпбек Аймауытов. Кітап оқу.

Айтылым.
Жұптық жұмыс.
Тапсырма. Әңгіменің авторы кім? Автор жайлы кестені пайдаланып әңгімеле. ойыңды дәлелде.
Бағалау: смайликтерді беру арқылы бір - бірін бағалайды.
Топтық жұмыс.
Жіптердің ұзындықтары арқылы топтастыру.
6 – тапсырма: Берілген сөздерден мақал құрастырып жаз. Сөздердің мағынасына қарай шаршыларды боя.
Бағалау. Қол соғу арқылы бағалау.
Топтық жұмыс
Жазушы қолданған сөздер арқылы топқа бөлу. Мысалы: Жазық дала, Кітап, Қартқожа т. б.
Тапсырма. Суретке зер сал. Мәтіндегі жазушы қолданған сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыр.
Бағалау. ЖК бойынша бағалау

Ой толғау
Жеке жұмыс
Тапсырма. Өзің оқыған кітаптарың туралы ойыңды кестеге түсір.
Менің оқыған кітаптарым
Кім жазған?
Алған әсерім

Сабақтың соңы (5 минут)
Кері байланыс. Ауызша. Оқушыларға кері байланыс беру
Рефлексия.

Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Береке орта мектебі»КММ - інің бастауыш сынып мұғалімі
Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы

Кітап оқу. жүктеу
Кітап оқи аламын. жүктеу
Сәкен Сейфуллин Біржан өлеңі. жүктеу
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама