- 05 нау. 2024 04:25
- 239
Кітап - рухани қазына
Сынып : 2 | Күні: 18.11.2019 | Қатысқан оқушы саны: 18 | Қатыспаған оқушы саны: |
Сабақ тақырыбы: | Кітап - рухани қазына | ||
Сабақ мақсаттары: | 1. Кітаптың таусылмас қазына,әрі білімнің көзі екенін түсіндіру,адам өміріндегі маңызы туралы ұғындыру | ||
Күтілетін нәтиже | 1.сыни ойлаулары белсенді дамиды,өз ойларын толық,нақты айта білуге,өз көзқарастарын айтуға үйренеді. 2.Кітапты көп оқуға,өз беттерімен ізденуге өз пікірін айта білуге және кітап оқуға қызығушылықтары артады. | ||
Тілдік мақсат: | Кітап - книга - book | ||
Қолданылатын ресурустар | Интерактивті тақта, бейнежазба,топ ережесі,түрлі - түсті қаламдар, қағаздар | ||
Сабақтың өту барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Тыңдаушының іс-әрекеті | |
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин) | - Балалар бүгін бізде ерекше сабақ,сондықтан барлығыңызды ортаға шақырамын. Кітапта алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін - деп аталарымыз жырлағандай , тәтті алманың орнын басар , мынадай әдемі кітаптарды ұсынып, сіздерді топқа бөлемін. | Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады | |
Топқа бөлу (5 мин) | 3 түрлі кітапшалар арқылы бөлу | 3 топқа бөлініп отырады | |
Сабақ жоспармен таныстыру | І.Кіріспе ІІ."Кітаппен кеңес,білімдімен теңес" топтық сайыс | ||
Ми шабуылы (10 мин) | Видое көрсету,кітап қалай жасалады? Нұсқау: Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтесіздер Кітап дегеніміз не? Кітап қалай жасалады? Кітап туралы тағы біраз мәлімет алдық,келесі кезекте кітаптан алған білімімізді көрсетейік | Оқушылар өз ойларын түйіндейді | |
Топпен жұмыс Сабақ соңы: | ."Кітаппен кеңес,білімдімен теңес" топтық сайыс 1."Кітап- ақылшы дос" шығармашылық жұмыс 2."Мақал сөздің мәйегі" кітап туралы мақал айту 3.Көркем сөз 4.Төрт сурет бір сөз 5.Мен оқыған кітаптар тізбесін дайындау( постер қорғау) 1. "Еркін жазу" әдісі арқылы "Кітап- ақылшы дос" шығармашылық жұмыс Дескриптор: - Мәтін құрай алады -Сөйлемдер байланысын ажыратады - өз бетінше оқи алады ҚБ: Ауызша мадақтаулар 2. "Ұшақ әдісі ""Мақал сөздің мәйегі" кітап туралы мақал айту Дескриптор: - тақырыпқа сай жинақтайды - мағынасын түсінеді ҚБ: " Үш шапалақ" әдісі 3. "Дауыстап айту" әдісі Көркем сөз Дескриптор: - өлең жолын жатқа айтады - мәнерлеп айтады ҚБ: "Күлегеш" әдісі арқылы 4."Бір минуттық әңгіме"әдісі "Төрт сурет бір сөз" Дескриптор: - суреттер арқылы сөз құрайды - ортақ тақырып таба алады ҚБ: " Жарайсың", "Керемет қатыстың" 5. "Кластер" әдісі "Мен оқыған кітаптар" оқыған кітаптар тізбесін жасау ҚБ: "Жұдырық -алақан" әдісі Қорытынды: "Ашық микрафон" әдісі 1.Сабақтан қандай әсер алдыңыздар? 2.Сабақта өзіңе не ұнады? | Сайыс бөлімдерімен танысады Үй тапсырмасы бойынша еркін түрде шығармашылық жұмыс түрін көрсетеді Кітап туралы мақал - мәтелдер айтады Кітап туралы өлең жолдарын жатқа айтады Берілген тапсырманы орындайды (суреттерге ортақ тақырып табады) Өздерінің оқыған кітаптарының тізбесін жасайды |