Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін-ғалымдар

Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін.

Неміс ғалымы Франк Эрбгут — Нюрнберг клиникасындағы неврологиялық орталықтың меңгерушісі COVID-19-дың салдарынан туындайтын неврологиялық аурулар туралы мәлімдеді.

Профессордың айтуынша, ауыр халде жатқан науқастарда аурудың асқыну белгілері ретінде инсульт, ми қабығының қабынуы, бас айналуы және тіпті эпилепсия пайда болуы мүмкін. Вирус ағзаның өз жүйке жасушаларына кері шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесті іске қосады.

Франк Эрбгут неврологиялық асқынулар Қытайдың Ухань қаласындағы емделушілердің 36,4%-ында байқалғанын атап өтті. Дегенмен, профессор мұндай асқыну белгілері көпшілікте байқалмайтынын айтып, сендірді. Бұл белгілерді вирустың симптомы деп санамай, ерекше жағдай деп қараған жөн.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама