Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Күнделікті сабақ жоспары, Жүсіпбектің «Ақбілек» романы
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
46. Жүсіпбектің «Ақбілек» романы.
47. Мағжан Жұмабаев
48. «Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев»
49. «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»
50. Ілияс Жансүгіров өмірі мен қызметі, шығармашылығы


Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбектің «Ақбілек» романы.

Сабақтың мақсаты: Ақбілек образының қайшылықты тағдырының психологиялық образ дәрежесіне көтерілуін, сондай - ақ бейнеттен, қорлықтан құтылған, «күнәдан» тазарған Ақбілектің психологиялық жан сезімін ұғындыру; адам мен табиғат, өмір мен өлім арасындағы табиғи заңдылықты басты кейіпкер басына түскен ауыртпалықпен байланыстыра түсіндіру (психологиялық параллелизм.
Әдістемелік мақсаты: көркем шығарманы талдауды үйрету, сол арқылы талдауды үйрету, сол арқылы өмірді таныту; өмірге көзқарасын қалыптастыру, мінез - құлқына ықпал ету.
Сабақ көрнекілігі: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы, романнан үзіндіні магнитофоннан тыңдату, тірек схемасы.

Сабақ барысы.
І. «Ақбілек» романын бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша шегініс жасап көрейік. Бұл романды талдау барысында қажет болады.
Сұрақ: Жүсіпбек Аймауытов кім? Мағжан, Ахмет, Сәкен, Міржақыптар кім? Олардың қызметінің қай жағы басым?
Біз бұл тұлғаларды әдебиет саласына қатысы болғандықтан шығармашылықтары тұрғысынан қарастырамыз, олар ақын, жазушы ретінде танылумен қатар, көрнекті қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, өз уақыттарындағы үкімет басында қызмет еткендер.
Сұрақ: 1. Ж. Аймауытовтың саяси көзқарасы қалай қалыптасты? Репрессияға ұшыраған Жүсіпбекке қандай айып тағылған еді?

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем, бастан - аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман. Қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек.
«Ақбілек» романы Аймауытов шығармашылығының шыққан биігі деуге болады, жазылғанына 60 жылдан асқан осы роман бүгін ғана жазылып, әлі сиясы да кеуіп үлгермегендей әсер қалдыратындығына қайран қаласың. Сыңғырлаған күмістей тап - таза шебер тіл бірден үйіріп әкетіп, еріксіз тәнті етеді. Ол стиль, композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді. Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының бар таланты биік қырынан көрінеді.
Жазушы бұрын сыры жұртқа айтылған тақырып емес, соны, мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларды романға арқау еткен. Тақырыбы - әлеуметтік тартыстар, тап күресі, ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры. Бұл – психологиялық роман, мұнда түрлі адамдардың психологиялық ерекшеліктерін көрсететін мінез - құлық, болмыс - бітім кеңістігі бар.

Сұрақ: Натурализм дегеніміз не?
Натурализм XVIII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған. Натурализм – талдау, анализ жасау деген сөз, мұнда адамның өмірін сынақтан, эксперименттен өткізу арқылы оның мінез - құлқындағы, ой - санасындағы қайшылықтарды шешу, қалтарыстарын таныту ниеті байқалады. Бұл бағыттың негізін салған – белгілі жазушы Эмиль Золя Натурализмнің ерекшеліктері
1. Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді. Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы.
2. Өмір мен өлімнің күресі немесе тіршілік үшін күрес.
3. Табиғат аңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын қатар суреттеу.
«Ақбілек» романын ашқан кезде тамаша табиғатымен Алтай туы ққарсы алады (кітаптан үзінді...)
1. Біз осылай табиғатты тамашалап, мамыражай отырғанымызда ойламаған жерден оқыс оқиға, Ақбілектің әкесі Мамырбайдың аулына кіріп кеттік.
а) Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?
ә) Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?
б) Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?

2. Ақбілек шұңқырда жатыр. Ақтар іздеп жүр. Анасының өлімі. Романда кездескен бірнеше қайғылы оқиғалар Ақбілектің көз алдынан өтті.
а) Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінеді?
ә) Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?
б) «Қызын бүркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап, балапанын басқан ана құстай аласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тынды?
в) Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған?
3. Ақбілек ақтардың қолында. Ақбілекке таласып, жас жігіт мерт болады. Ақбілектің денесі түршігіп кетті. Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып, екінші өлімге кездестік.
4. Қарамұрт офицер 14 жасар Ақбілектің өміріне дақ түсірді.
а) Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?
ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы, Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?
5. Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр. Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр.
Сұрақ: а) Өлім – суық сөз. Шығармада ол қандай образбен шендестіріледі?
ә) Ақбілектің өлімге қарсы әрекеті.
б) Оқиға барысында Қарамұрт офицер қай қырынан байқалады?
Ақбілектің азаппен өткізген түні. Табиғат көрінісі мен адам әрекетінің, көңіл - күйінің қатар суреттелуі, хикаяның психологиялық саралаумен берілуі.(Магнитофоннан үзінді)
«Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау, өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты.
6. Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіп көріңіздерші, қою қараңғылық. Түн. Су арқырап ағып жатыр. Жел гуілдеп тұр. Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда. Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді. Олар бірте - бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды.
Қасқыр ненің белгісі?
7. Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе.
Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?
Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз?
8. Ақбілек жолға шығады, оған диуана Ескендір кездеседі. Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?
9. Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе? ОЛ неге өз - өзіне ажал тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Ақбілектің басындағы «бұлт» енді қоюлана түсті.
«.... бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді. Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын? Ойбай - ау! Менің күйеуім ше?» деген жолдардағы қазақ қыздарының ар - ұжданы туралы не айтасыз?
Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде?
10. Ақбілек ауылға барды. Әкесі арасындағы қарым - қатынас. Медеуі – Бекболат, Ұрқия.
Әкесінің өзгерісі мен салқындығы арқылы нені аңғартпақ?
Автор Ұрқия мен Ақбілектің жасырын сырын қандай мақсатта пайдаланған?
11. Өгей шеше.
Өгей шешенің тепкісін қандай суреттер арқылы сипаттаған?
12. Түс көру.
13. Азапты күндер. Жүкті екенін сезу.
14. Әкесінің қуып шығуы.
15. Босану сәті.
16. Қалаға келу.
17. Семей, Омбы, Ақмоладағы оқу.
18. Ақбала – Ақбілек – Балташ.
Ақбілектің Ақбаламен махаббаты. Оның сәтсіздікке ұшырау себебі неде?

Ақбілек ауылда.
Ақбілектің елге оралуы, ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қалай суреттеледі?
Ақбілектің Бекболат ауылына соғуы, Бекболатты пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен?
Ақбілектің жеңісі, «тазару, жаңару» кезеңі.
Автор әке аузына «Ақбілек жат, өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Енді ақсақал именеді» деген сөз салу арқылы нені айтқысы келіп тұр?
Жазушы көздеген мақсатты дәл табу үшін осындай алгоритмдеу амалын қолдану, ойландыру әрекетін дұрыс ұйымдастыру, өз пайымдау - түсінігін қалыптастырып, оны айтқызу көп нәтиже берері сөзсіз. Оқушы мәтінді тек жай ғана оқып қоюмен шектелмей, оған өз дүниетанымы, көзқарасы тұрғысынан баға беру арқылы материалды игеруді жетілдіре түседі, әрі өзін - өзі зияткерлік жағынан дамыту, белгілі бір құбылысқа деген субъективті қарым - қатынасын қалыптастыруды жүзеге асырады. Осындай жазушы стилін меңгергеннен соң оқушылардың танымдарын дамыту үшін пікір жарыстырып, ой - түйіндерін ұйымдастырып, жауаптарын жинақтау орынды.

«Ақбілек» натурализм үлгісінде жазылған роман

Өмір мен өлім
Сынақ
Табиғат пен адам
Міне, балалар, романды оқып аяқтадық. Шығарманың шарықтау шегі қай жерде биігіне жетеді деп ойлайсыз? Қай тұстары сіздерді әр түрлі күйге салды: қуантты, ренжітті, күлдірді, жылатты, толғандырды, ойландырды.
Роман несімен ұнады немесе неге ұнамады? Бұл – қиын сауал. Алдымен осы сауалға жауап берер оқырманның әдеби сауаты қандай дәрежеде, сұлулық сезімі қандай, эстетикалық талғамы қандай, эстетикалық талғамы қандай? Әлгі оқиғаның байыбына бара ала ма? Ол үшін мына 5 түрлі сұраққа жауап іздеп табу керек.

1. Қандай оқиға болды? (Тақырыбы, идеясы)
2. Қалай өрбіді? (Сюжеті мен композициясы)
3. Кімдердің басындағы хикая? (Шығармадағы тип, характер)
4. Оқиғаның баяндалуы қалай? (Жазушы тілі, стилі)
5. Оқиға автордың жеке көзқарасы? (Суреткердің дүниетанымы).

46, 47, 48, 49, 50 сабақтарды жүктеу

Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама