Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары

Мақсаты:
«Күншуақ» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:
- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:
- Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
- Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
- Мейірімділікке, өзін - өзі сыйлауға, бір - біріне қолдау көрсетуге, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
- Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп - тұру ережелерін қалыптастыру.

«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама