Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Киім-кешектерді өртеу

Жұқа қысқа соғым қылмақшы болып бір қой борлапты. Көршілері мен көңіл жетер достары қалжыңдап оның қойын ұрлап әкетпекші болады. Бірақ ешбір ебін таба алмайды. Сонымен, олар ақылдаса келе бір амал ойлап шығады. Бір күні іштеріндегі қу біреуі Жұқаға келіп:

— Жұқа, ертең, бүрсүгіндері заманақыр болады дейді. Мына қойыңды сақтай беріп қайтесің, онан да сойып жеп сорпаланбаймыз ба, — дейді. Жұқа бұған үндемейді. Бірақ адамдар арт-артынан келіп: «Заманақыр болады екен, қойыңды тезірек сойып жейік» деп Жұқаның мазасын ала береді. Сонымен, Жұқа бір күні амалсыз мақұлға келіп, қойын сойып, оларды шақырып келістіріп қонақасы бермек болады.

Ертеңінде Жұқа бір ашық жерге келіп қойын сояды, жұрт от жағып, кәуап пісіріп жей бастайды. Мәре-сәре болған көршілері мен достары киімдерін шешіп, Жұқаға табыс етеді де, алысқа серуендеп кетеді. Жұқаға көмектесуге ешкімі қалмайды. Бұған Жұқа ренжіп әлгілердің тастап кеткен киімдерін жиып-теріп отқа бір-ақ салады.

Көршілері мен достары қайтып келгеннен кейін өз киім-ке- шектерінің күлге айналғанын көріп, Жұқаны тұс-тұсынан қар- ғап-сілей бастайды. Сонда Жұқа сабырлы қалыппен:

— Ей, сендер ертең, бүрсүгіні ақырзаман болады деп жүр емес пе едіңдер? Барлығымыз өлетін болсақ, киім-кешектің не қажеті бар?! — дейді.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама