Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 23 мам. 2026 11:30
- 12
"Лақтырбай": Баян Алагөзова шәкірті Балжан Бидашқа қатысты ренішін ашық айтты
Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің бұрынғы шәкірті, әнші Балжан Бидашқа қатысты пікірін ашық айтты. "Кешью" тобының мерейтойына орай берген сұхбатында Алагөзова, Бидаштың өзіне қатысты айтқан сөздеріне және жобадан бас тартуына қынжылғанын жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің сынына жауап
Баян Алагөзованың айтуынша, Балжан Бидаш оның «әдемі емес» деген пікірін көңіліне алған. Продюсер мұндай реакцияны түсінбейтінін айтып, адамның өзіне деген сенімі сыртқы пікірден басым болуы керектігін атап өтті. «Мені де ұсқынсыз дейтіндер бар. Бірақ мен өзгенің пікіріне емес, өзіме сенемін», – деді Алагөзова.
Уәдесін орындамады
Сонымен қатар, Баян Алагөзова Балжан Бидаштың бір жобаға қатысуға уәде беріп, кейін орта жолда бас тартқанына қатты ренжігенін білдірді. Оның сөзінше, мұндай әрекет продюсер ретінде оған ауыр тиген. «Қатысамын деп сөз беріп, кейін уәдесін орындамады. Бізді орта жолда қалдырды. Соңғы рет кездейсоқ кездескенде өзі амандасты. Мен де сәлемдестім де, әрі қарай сөйлеспедім. Себебі мұндай әрекет жасаған адамға құрметім болмайды», – деп пікірін қорытындылады продюсер.