- 22 қаң. 2019 00:00
- 193
Маған өмір қымбат!
№15 мектеп-гимназиясы психологы
Утепова Маржан Әбдіғалиқызы
Мақсаты:
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау;
Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Бақытқа қолжеткізе алатынына сенім туғызу;
Өмірге құштарлықтарын арттыру;
Құрал - жабдық: қағаз, қалам
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Көңіл – күйлерін сұрау
Ойынережесі:
бір – бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым - қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барысы:
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өзаттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:- «Өмірдің ағымынан қалмау»
-«ешқашанда білмейміндемеу»
-«қасындағыларға көмектесу»
1жаттығу: «Танысу»
Шеңбер бойында әр оқушы өздерінің бойларында кездесетін жағымды мінез – құлықтарын айтып шығады7
2 жаттығу: « Биік шыңға ұмтылу»
Оқушыларға аяқталмаған сөйлем беріледі
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады(парақ таратылады) тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын...
Ашықайтқанда, мен үшінөтеқымбат...
Ашықайтқанда, мағанұнамайды...
Ашықайтқанда, мен қуанамын...
Психолог:
- Біз барлық адамға ойымызды ашық айтаа ламыз ба?
- қолдарыңды көтеріңдер, кімде сенімді дос бар?
3 жаттығу: Аутогенді жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір – бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты оқушыларға бірпарақ ақ қағаздар таратылады. Таратылғаны аққағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған аққағазға бір – бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөңгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды.
Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады
4 жаттығу: Сергіту сәті (Бейне баянмен қимылдаймыз)
5 жаттығу: «Тілек ағашы»
Оқушылар бір – бірлеріне деген жылы лебіздерін, ақ тілектерін жапсырмалы қағазға жазып тілек ағашына іледі.
Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір - бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз. Оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.