Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңінің тәрбиелік мәні

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Маңғыстау облысының білім басқармасы
«Үстірт орта мектебі» ММ
Авторы: Елубаева Жұлдыз Абдировна, 8 «Ә» сыныбы
Жоба атауы:
Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңінің тәрбиелік мәні
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Қазақ әдебиеті
Жетекшісі: Баймуханова Толғанай Ұзақбайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2014 жыл

Аннотация
Ғылыми жобаның мақсаты: Мағжанның жыры арқылы қазақ жастарының рух жігерін, қайраттылығын дәлелдеу.
Жастардың қазіргі замандағы бейнесін анықтап, оның осы замандағы атқаратын рөлін зерттей отырып, жастарымыздың қазіргі тәрбиелілігі жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңінің тәрбиелігін талдау;
- Жастар туралы Мағжан мен Міржақып өлеңдерінің ерекшелігі
- Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер қасиеттерін сипаттау.
- Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақтың аса дарынды ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Мағжан баршамызға ұлтшыл ақын екені аян. Жастарға арналған өлеңдері де біршама. Ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңінде нағыз қазақ жастарының қандай болу керектігін, түр- тұлғасын айқын суреттегені байқалады. Сондықтан Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқи отыра, жастарымыздың басты қасиеттерін қазіргі кезімен, сол кездерін ашығырақ таныстыруды жөн көрдім.


Проблемасы: Жастардың бойындағы сенімсіздік. Бірте-бірте адами қасиеттерінің көрінбей, сирек кездесе бастағандығы. Өз еліне деген құрметтің жоғала бастауы.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер біз Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін ” атты өлеңін насихаттап, жастардың рух, жігерін көтеріп, әр тілге аударып қазақ ұл-қыздарының болмыс бітімін өзге елдерге де паш етіп, қазақ жастарының бойындағы қасиеттерін биік қоя отырып, қазақ жастарының өз еліне деген сүйіспеншілігіне, елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашар едік.
Зерттеудің әдісі-тәсілдері: Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау.

І Кіріспе
1.1.Мағжан - сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы.

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау
2.2. Жастар туралы Мағжан мен Міржақып өлеңдерінің ерекшелігі
2.3. Қазіргі жастардың бойындағы күш-жігер қасиеттерін сипаттау, талдау.

ІІІ Қорытынды бөлім
3.1. Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы.

І Кіріспе
Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны.Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс.Оның қуатты бойға жігер,жүрекке от беретін рухты үні,ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін 20-шы ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтереді;» Өлеңді музыкаға айналдырған,дыбыстан сурет тұрғызған, жаңа өлшеулеп шығарған Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін бірден байқаймыз.


Тасқыны қатты,тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түркішілдік арнасына құйылды.Халық өлеңдерінің мазмұнынмен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіріп алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім осы болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де,кейінгіге де ұқсамайдн,өзіндік қолтаңбасы бар ақын.Ол өмірдегі біртұтас құбылыс,көрініс ретінде,ал адамды сол ұлы табиғаттың,жаратылыстың бір туындысы,бөлшегі ретінде қабылдайды.Құбылыстың мәнін кең көлемде,жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап,ішкі астарына үңілді. Мағжанды қай тұстан алсақ та, ол нағыз-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы!

ІІ Негізгі бөлім
2.1.Мағжан Жұмабаетың «Мен жастарға сенемін »өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау.
Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес,айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.
Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлеңнен аламыз.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенмін!-деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ түсірмеуге шақырады. Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай, ар намысын бірінші орынға қоюға үндейді. Намыс-адам тұлғасының күзетшісі. Мағжан да әділетсіздікке қарсы шығып, ар-намысын алға қойып өмірден озбады ма...Сондықтан осындай Мағжан салып кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін тәрбие керек. Сонда ғана сенім ақталып, білім парасатына сай, жастарымызға елдің ары мен намысын таптатпауға,болашақтың тізгінің жастарга сеніп
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін- деп Мағжанның өлеңін өмірлік ұран қылып, бойымызға сіңірер едік..

2.2.Жастар туралы Мағжан мен Міржақып өлеңіндерінің ерекшелігі
Сәбит Мұқановтың «... Мағжанның ақындығын қозғауға екінші себеп Міржақып болуы керек» деген негізсіз емес. Себебі Мағжан мен Міржақыптың да ойы бір жерден шығады. Мәселен, Мағжан өз өлеңнін де жастарға үміт артып, жастардың болмысын сипаттаса, Міржақып «Жастарға» өлеңнін де жастарды оянуға, халыққа қамқоршы басшы болуға шақырады. Міржақыптың
Найзаменен түртсе де,
Жатырсың, қазақ ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!-деп жастарды сол кезде оянуға үгіттеп, білімділікке шақырып, сенімсіз кейіп танытса, Мағжанның ойы жастардың бейнесін
Жас қырандар-балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін-деп сипаттап, бойларын енді-енді тіктеп, бойына қуат жинап қолы жетпес аспанға ұмтылғаның, сенімділігін көрсетеді.Ақын ойы екі тарапта тұрсада, бір-бірінің ойы бір жерден шығып қалатын өлең жолдары бар. Сөзім дәлелді болу үшін Мағжан Жұмабаевтың «Қасиетті тілектер-Мен жастарға сенемін!» деген өлең жолыннан үзінді жастарға сеніп үміт артатынын айқын көрсетіп тұр. Ал, Міржақып Дулатұлы өлеңінде де
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл бақша ашқандай-деп жастарға үміт арту,екі ақынның да ойын бір жерден шығарып тұр.
Міржақыптың Жастарға өлеңінінен тағы бір үзінді
Халыққа,жастар,басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай-дегені жастарды әділ басшы болуға, елдің басына күн туғанда алып жығарардай жастарды, іздейді, күтеді, өз заманында болмаған талпынысты кейінгі жастар,біздерден күтеді. Енді Мағжан өлеңнін алсақ
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін-деп Міржақып ойындай басшылыққа керек мінезді, имандылықты алға қойған. Мағжан да, Міржақып та айтқан жалындап тұрған жастар жоқ емес, бар «әттегені-айы» жастарымыз да сенімсіздік басым. Сол тұрғыда жастарды жігерлендіруіміз қажет.

2.3. Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер қасиеттерін
сипаттау,талдау.

Жастар жалын жүректі, өршіл намысты ,
биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады
-деп кемеңгер басшымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі жастар бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-өрісі, талпынысы, сауық-сайран құруы, былай айтқанда адами құндылықтары бөлектеу. Бірақ жастар жалпы адамзаттың мәңгілік рухани – адамгершілік құндылықтарында бар екенін естен шығармаулары қажет. Онсыз жастар толыққанды қалыптаса алмайды. Жастардың санасымен тұлғасының қалыптасуына әсер ететін жағдаяттар мол. Айталық ол ата-анасы, өмір сүріп отырған ортасы.....


Жастардың тұлғалық сипаты жас кезінен бастап қалыптасады. Мысалы, жас сәби табиғатынан таза пәк, бұл жастардың әді өмірден әлі ештеңе көрмеген, көңілге түймеген шағы. Міне дәл осы кезде ата-анасының тәрбиесін, білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің балабақшадан бастап бірте-бірте рухани адамгершілік құндылықтарды Отанына деген сүйіспеншілікті намыстылық пен қайраттылықты бойына жинату- маңызды іс. Жастар бойындағы қайрат, жігер сенімділік Мағжан өлеңінде айтылғандай,
«Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер-
Мен жастарға сенемін!»- дегендей жастар бойында қасиеттер әлі де сақталғанына сенімдімін.

ІІІ қорытынды
Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы.
Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын -Мағжан Жұмабаев.
XX ғасырдың бас кезіндегі шытырман окиғалардың бәріне Мағжан Жұмабаев куә болды. Олардың бәріне ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді.


Мағжан үшін ең негізгі мәселе-қазақ елі жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбады.Сондықтан да ақын ендігі үміті мен арманын жастарға артады
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!- деп басталатын өлеңінде ақын, өзінің ертеңінен үміт үзбейтіндігін, бүгінгі кеткен есені, ұтылысты ертең-ақ «көздерінде от ойнаған,ар-намысты жандарынан да қымбат көретін» жастар қайратылығына кәміл сенеді. Жастардан күткен үміті ақталып келе жатыр деген ойдамыз.
Бүгінгі ұрпақ үшін Мағжан, жастарға артар үміті мәңгілік қазақ елінің өркендеуі, жастардың қолында деген.
Отансүйгіштік рухты Мағжан ағамыздың поэзиясы әрдайым сөнбес...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «Аңыз адам» № 1 саны 2012ж
2. Қазақ әдебиеті 8-сынып. «Мектеп» баспасы. 2012ж
3. Мағжан Жұмабаев «Сүй жан сәулем» Атамұра
4. Егемен Қазақстан №43 2014ж
5. Президент және Халық №50 2013ж


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама