- 29 қыр. 2015 00:00
- 248
Үшқоңыр
Үшқоңыр — Алматы облысы Қарасай ауданындағы төбелі қоныс. Қоныс Майтөбе тауының шығысында 15 км, Аршалыкезең асуының (2973 м) солтүстікте баурайында жатыр. Төбенің теңіз деңгейінен биіктігі 1980 м. Батысында Ұзынқарғалы, шығысында Шамалған өзендері ағып өтеді. Енділеу тауаралық қоныста еріген мұз суынан пайда болған, жағалауы ашық шағын көл жатыр. Қоныс маңында Үшқоңыр және Сауыншы ауылдары орналасқан. Үшқоңырда 1986 ж. дельтопланнан КСРО чемпионаты өткізілді. Табиғаты көрікті Үшқоңыр өңірі Қарасай ауданының және Алматы қаласы тұрғындарының демалыс орны саналады.