Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 35 минут бұрын)
Маңғыстаулық суретші «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды

Маңғыстаулық суретші әрі кәсіпкер Сағира Ағажанова «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық грантының жеңімпазы атанды. Ол «Eco – Art Qazaq» атты авторлық жобасын ұсынды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жобаның ерекшелігі

Сағира Ағажанованың «Eco – Art Qazaq» жобасы жүздеген өтінімдер арасынан үздік деп танылып, 3 миллион теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды. Жобаның негізгі мақсаты – мата қалдықтарынан көркем туындылар жасау және экологиялық мәдениетті насихаттау.

Шығармашылық жолы

Сағира Ағажанованың айтуынша, өнерге деген қызығушылығы бала кезінен басталған, әкесі де суретші болған. Ол мата қалдықтарын пайдаланып жасалатын мұндай шығармашылық формат бұрын-соңды елде қолданылмағанын атап өтті.

Жобаның алдағы жоспары

Жоба аясында шағын көрмелер мен шеберлік сыныптары өткізу жоспарланууда. Бұл шаралар тұтыну мәдениеті мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға көмектеседі. Жобаны жүзеге асыруға шамамен төрт-бес ай уақыт кетеді деп күтілуде, одан кейін дайын жұмыстар қорытынды көрмеде ұсынылады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 100-ден астам жас қазақстандық өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Биылғы жылы алты бағыт бойынша өткен байқауға 1700 өтінім келіп түсіп, оның 1622-сі қарауға жіберілді.

Жаңалықтар

Жарнама