Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мақсатқа жетемін десеңіз, мынаны есте тұтыңыз

Мақтауларға еру-бос әурешілік

Авиация жайлы деректерді қарастырған кезде, ойымызға ағайынды Райттардың келетіні анық.Алайда, бұқара халық оларды аутсайдер есебінде ғана таныған.Ал астроном әрі физик Самюэл Лэнглиді ерекше құрмет тұтып, қолдау білдерген.Америкалық физиктің даңқы өсіп, тұжырымдамасы ел ішінде тарала бастаған.Бірақ, ағайынды Райттар өзіндік көзқарасын келтіре отырып, авиация саласында өшпес іздерін қалдырды.Самюэл Ленгли жоспарларын бір арнаға тоғыстыра алмай, жеңіліс тапты.Ағайынды Райттар ішкі әлемдерін жігерлендіріп, аянбай тер төкті.Әрине, халық олардан таңғажайып жаңалықты күтпеді.

Түйін: Егер кімде-кім бізді ойға алған жоспарымызға бола мақтай жөнелсе-жеңіс мінберіне шыққандай сезінеміз.Осы тұста ұлы Абайдың даналық сөзін назарларыңызға ұсынамын:"Биік мансап-биік жартас секілді.Екпіндеп ұшып қыран да, өрмелеп жылан да шығады.Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды"

Қиындықтарға бола тоқталмаңыз.

Егер жаңа бизнесті қолға алуды қаласаңыз, ішкі қаупіңізді қағазға түртіп, жаңа кәсіпке кірісуіңізге кедергі келтіретін ойларды айқындаңыз.Мәселен, бизнеске қанша ақыңызды жоғалтатыныңызды.Осы арқылы жолыңызда кездескен қорқынышпен қоштасасыз.

Қарсыластарыңызбен қатар жүріңіз.

Ғалымдардың зерттеуінше, осы арқылы түйткілді мәселеңіздің көзін тауып, жетістікке жетесіз.Жоспарларыңызбен бөлісуді доғарыңыз, әрдайым алдыңғы шепте болу үшін тер төгіңіз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама