Мақтан тұтар ұлы тұлға
Тақырыбы:Мақтан тұтар ұлы тұлға
Мақсаты: Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.
Жоспары:
1. Өмірбаяны
2. Отбасы
3. Мұражайы
4. Көзкөрген замандастарының естеліктері
1-бөлім Өмірбаяны
1-оқушы:
Д. А. Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Ол дипломын Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу жөнінде жазып, оны үздік бағамен қорғап шығады.
2-оқушы:
Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.
3-оқушы:
Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д. Қонаевтың өзі тұрған үй, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында "Ерекше еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
4-оқушы:
Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңі 1955-1986 жылдары. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді.
5-оқушы:
25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, М. Әуезов атындағы академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітапхана, «Арасан» моншасы, жабық Көкбазар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол вокзалдары, әуежай ғимараты, республикалық Пионерлер сарайы мен «Медеу» спорт кешені Дінмұхамедтің бастамашылығы арқасында дүниеге келген.
6-оқушы:
Заманымыздың заңғар тұлғасы Димаш Ахметұлы Қонаевтың халық үшін, еліміз үшін жасаған еңбегі кезінде жоғары бағаланды. Оған КСРО-дай алып державаның ең жоғары – Социалистік Еңбек Ері атағы үш рет берілді, ең жоғары ордені – Ленин орденімен 8 рет марапатталды.
2-бөлім Отбасы
Дінмұхамед Қонаев зайыбы - Зухрамен
7-оқушы:
Сара ҚОНАЕВА, қарындасы:
Біз – Димекең екеуіміз бір әке, бір шешеден тудық. Ол — үйдегі үшінші бала. Үлкеніміз – Әмина деген апамыз. Ол кісі — көтерілісші Айтжан Түркебаевтың жұбайы. Одан кейінгі апамыздың аты – Мәймуна. Камал Қадыржановтың жары. Үшіншісі – Димекең. Димекеңнен кейін Наиза, Набила, Фазила деген апаларымыз болған. Назила мен Фазила оқу оқып жүрген жерінен өздері сұранып, соғысқа аттанған. Одан кейінгі — Гаухар, атақты сәулетші Бәсеновтың әйелі. Гаухардан кейін Едіге деген ұл болған екен. Оны әкеміз кішкентай кезінде далаға алып шыққанында көлденең жұрттың көзі тиген деседі, сол күні-ақ мұрттай ұшыпты. Шетінеп кеткен. Одан кейін – мен. Димекең екеуіміздің арамыз — он бес жас. Менен кейін Асқар деген ұл, Роза атты сіңлім бар.
8-оқушы:
Кейінде әкем екі рет қатты қуандым дейтін көрінеді. Оның біріншісі — «Димашымның оқуын бітіріп, дипломын алып келгені, — дейді екен, — Ал екінші қуанышым – оның қызметке тұрғаннан кейін «үйленемін» дегені.
Димаш ағам «үйленемін» деген хабарды жеткізгенде – жиырма жеті жаста. Зухра жеңгеміз бізге шешедей болып кетті. Мінезі көркем, ақылға да, парасатқа да бай, әзиз жан еді
9-оқушы:
1990 жылы Димекеңе жарты ғасыр жар болған Зухра жеңгеміз дүние салды. Сол жылы мен отбасыммен Димекеңнің шаңырағына көшіп бардым. Сөйтіп үш жыл бойы ол кісімен бірге тұрдым. Бұл үш жыл – Димекеңнің Зухрасынсыз өткен үш жылы еді. Бұл үш жыл – ол кісінің өмірін қорытындылаған, соңғы үш жылы еді.
3-бөлім Мұражайы
Алматыдағы мұражай үйіндегі суреттері.
10-оқушы:
Алматы қаласындағы қазақ жұртының зиялы қауым өкілдері тұратын Мұқан Төлебаев көшесінің бойына орналасқан Д. А. Қонаев атындағы мұражай-үйі 2002 жылдың 12 қаңтарында ашылған. Өйткені 12 қаңтар – қазақ халқының біртуар дарынды ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Осы мұражайдың іргетасын қалаушылардың бірі әрі тұңғыш директоры Болысбек Батталхановтың айтуына қарағанда, ең алғаш жеке отау тіккен кезде бұл мұражайда 21-ақ жәдігер болған көрінеді.
11-оқушы:
Қазір олардың саны 2, 8 мыңнан асып жығылады. Олардың қатарында Дінмұхаммед Ахметұлының Үкімет тарапынан алған 40-тан астам орден-медальдары – 3 Социалистік Еңбек Ері атағының «Алтын жұлдызы», 8 «Ленин» ордені, Моңғолияның «Сухэбатор» алтын жұлдызы және Чехословакия, Куба, Қытай елдерінің мемлекеттік ордендері, Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде пайдаланған жазу үстелі, қазақтың тұңғыш мүсіншісі Кәкімжан Наурызбаевтың 1952 жылы, яғни ұлы қайраткердің 40 жасында соққан мүсіні, тағы басқа өзі тұтынған заттары бар. Осы жәдігерлердің бәрі құнды әрі бағалы.
12-оқушы:
Мұражайдың Бас қор сақтаушысы Гүлмира Бекмұратованың айтуына қарағанда, Димаш атамыздың 81 қару-жарағы болған екен. Олардың 12-сі – мылтық, 1 «Браунинг» тапаншасы, қалғандары – пышақ, қанжар, семсер, қылыштар. Бұл жәдігерлердің басым көпшілігін шетел мемлекеттерінің басшылары мен еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері сыйға тартқан.
13-оқушы:
Осы жәдігерлердің ішінде Германия, Куба, Югославия, Чехословакия елдерінің басшылары Эрик Хоннекер, Фидель Кастро, Иоссиф Броз Тито, Гусак Густовтардың қос ауызды карабині, Орта Азия Әскери округының сол кездегі қолбасшысы Д. Язовтың 1647 жылы жасалған «Петр» мылтығы және генерал П. Лушевтің 1777 жылы соғылған «Толедо» деп аталатын қынсыз семсері бар. Ал кавказдық қанжардың біріне «Қайғыға емес, сұлулыққа қызмет ет!» деген таңба соғылыпты. Осы қару-жарақтардың ішіндегі ең құнды жәдігерлердің бірі де бірегейі – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Дінмұхаммед Ахметұлының 70 жасқа толуына орай сыйлаған қанжары. Асыл да бағалы тастармен көмкерілген қанжардың бір бетіне «Д. А. К» ал екінші жағына «Н. А. Н» деген белгі салынған. Бұл – «Д. А. Қонаевқа Н. Ә. Назарбаевтан» деген ұғымды білдіреді.
14-оқушы:
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев бала кезінде сыныптас досы, кейінірек белгілі жазушы болған Дмитрий Снегинмен бірге жиі-жиі аңға шыққан көрінеді. Ал Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов және оның орынбасары Сұлтан Жиенбаев, қазақтың көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов, жеке дәрігері Ахат Мүліковтермен аңға шығып тұрған. Олардың айтуына қарағанда, Дінмұхаммед Ахметұлы құралайды көзге атқан мерген болған деседі. Ол аңға шығу мерзімін қатаң ұстанып, тек астық жинау науқаны аяқталған кезде ғана өзіне демалыс жариялап, аң-құс атуға уақыт бөлген. Ал басқа кезде мемлекеттік маңызды істермен айналысқан. 1986 жылдың қыркүйек айында соңғы рет аңға шыққан екен, – дейді мұражай қызметкері Гүлмира Бекмұратова.
4-бөлім «Көзкөрген замандастарының естеліктері»
ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ 300 ӨЛЕҢ ЖАЗҒАН АҚЫН
Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЙ «Кемеңгер» атты кiтабы
«Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген,
Тәнi өлсе де, ұлының жүрегi өлмеген.
Таң нұрына шомылып, күнде азанда,
Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген.
15-оқушы:
Димаш десем, жанарым нұрға толған,
Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған.
Димаш десем, самғаған көктi айналып,
Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.
Ол кiсiдей менi жұрт түсiнгенде,
Ит жүгiртiп, кiм бассын мысымды елде,
Димаш жайлы жыр жазам, Димаш нұры,
Көкiрегiме сәулесiн түсiргенде»
16-оқушы:
«Қонаевтың зиялы заманында,
Қадау-қадау жайғасқан дала, құмда.
Жұрттың бәрi көгерiп, көктеп өскен,
Дән жинаған бидайдың сабағында», — деп кешегi «қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған» бейбiт заманнан хабар бередi. Ғалымдар жұмыр жердi жайлаған бүкiл елдiң басшыларын компьютерге түсiрiп екшеп, таразылағанда Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаев жетiншi орынды иеленiп, әлемдегi жетi ұлының бiрi атанған.
17-оқушы.
«Үзiлмеген достығы, сәлемдерi,
Басшылар да әрқилы әр елдегi.
Димашқа арнап жыр жаздым жетi шумақ,
Жетiншi ұлы атанған әлемдегi
18-оқушы:
«Жалғанда, мынау жалғанда,
Жұрт түгел жұмақ арманда.
Мұхтардай ұлы тұлғаның,
Жұлдызы биiк жанғанда.
Тұр неге, Дүние тойламай,
Лениндiк сыйлық алғанда?».
19-оқушы:
«Қазақ қалай күн кешсiн шырайланып,
Үкiметтен қол үзген былай қалып.
Бiрақ елiн жасытпай жебеп әлi,
Димаш рухы аспанда жүр айналып»
20-оқушы: Өмірзақ Сәрсенов:
Мынау Алматы облысында Балқаш деген аудан Iленiң Балқашқа құятын жағын мекендейдi. Димекеңнiң арғы атасы Азнабай осы жердi, Күртi мен Iле өзендерiнiң арасын мекендеген. Мұнда сен айтқан мұнай мен газ, темір мен көмір жоқ. Осы ауданда күріш өсіру жобасын Дінмұхамед Қонаев жасаттырды. Бұған дейін күріш дақылы жер бетінде мұндай солтүстік белдікте өсiрiлмеген. Қонаев ғалымдарға осы Балқаш ауданының Бақбақты, Ақдала аймақтарында күрiш өсіруге болатындығын дәлелдеттiрдi. Содан соң арнайы қаржы бөліп, күріш танаптарын жасатты. Iле дариясынан бері қарай каналдар қаздырды. Жолдар салды. Жаңа шаруашылықтар ашты. Сөйтіп, мұнда iрi күріш алқабы пайда болды. Кеңес Одағы осы дақылға деген зәруліктен құтылды. Жергiлiктi халыққа кәсiп те, нәсіп те келді. Ауылдар көркейді. Жұмыс орындары ашылды. Қаншама техника келді. Әрбір ауылға мәдениет, денсаулық сақтау ошақтары салынды. Жергiлiктi халық осының игiлiгiн әлі көріп отыр. Бұрынғыдай самолеттер ұшпаса да, басқасын сақтап қалды. Жекешенің қолына тиген шаруашылықтар сол күрiшiн егіп, сатып өз күнiн көрiп отыр. Мұнай мен темiрсiз де тентіреп кеткен жоқ. Осыны Қонаевтың көрегендiгi дер едім.
21-оқушы: Қасымхан Бегманов:
«Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр»
Димаш аға аяулы ағатайым,
Сағынды ғой өзен, кел, бала қайың.
Алтын нұрдан жаралған асылым-ай,
Қазағымның өзіндей қарапайым.
Мәңгілікке өтсең де арамыздан,
Шықпай қойдың бір сәт те санамыздан.
Жүріп өткен жолында ойша шолып,
Сағым жүзген іздедім даламыздан.
Қорытынды:
1993 жылдың 22 тамызында ол дүниеден өткенде, онымен қоштасуға келген халықта есеп болмады. Опера театрынан Кеңсай зиратына дейін жолдың екі жағы адамға толып, сүйікті перзентін ақырғы сапарға шығарып салды.
Сірә сияқты адамдарды әсте де өлді деуге болмайды. Ол артында өлмейтұғын іс қалдырған тұлға. Ол әрқашан халықпен бірге жасайды. Олардың жадында өмір сүреді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірден өткен соң, 1994 жылы Д. А. Қонаевты есте қалдыру жөнінде Президент Н. Ә. Назарбаев қол қойған Жарлық шықты. Соған орай ол жұмыс істеген мекемеге, институтқа оның аты берілді. Тек Алматыда ғана емес, республиканың жер-жерінде, елді мекендерде де Қонаев атындағы көшелер бар. Тіпті жер-жерлерде оған ескерткіш те қойылып жатыр
Осымен Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген
«Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.