- 28 там. 2020 00:00
- 184
Мектептерде оқу аптасы ұзартыла ма
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде оқу аптасының ұзартылуына қатысты сұраққа жауап берді.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай оқу аптасы ұзарту туралы шешімді мектептің өзі қабылдайтындығын айтты.
«Бұл мектептің құзыретіне кіреді. Егер сенбі күні де оқу қажет болып жатса, онда мұндай мүмкіндік бар. Бірақ, шешім білім беру ұйымының ата-аналармен бірлескен педагогикалық кеңесінде қабылданады», - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Айта кетейік, баспасөз мәслихаты барысында министр мектептерде қашықтан оқыту 8 интернет платформада жүргізілетіндігін айтты.
Жалпы мектеп жасындағы 2,6 млн бала қашықтан білім алып, бастауыш сыныптың 530 мың оқушысы кезекші сыныпта, ал шағын жинақты мектептерде 202 мың бала дәстүрлі форматта оқитындығын мәлім етілді.