«Мен ғажайыппын»
Тақырыбы: «Мен ғажайыппын»
Мақсаты: Ұстаздар арасындағы психологиялық ахуалды нығайту. Ситуациядан шыға білуге және өзін - өзі әрдайым көтеріңкі көңіл - күйде ұстауға баулу. Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Қатысушылар: мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Жоспар:
1. Шаттық шеңбері "Шаңырақ құру"
2. «Мінезімнің бір қыры» (көкөніс пен жеміс - жидектер таңдау)
3. «Ізшіл - зерттегіш» жаттығу.
4. «Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау» суретті сөйлету.
5. «Тосын сый» жағдаяттан шығу.
6. « Қорытындылау».
Тренинг ережесі:
1. Өз ойын ашық айту.
2. Өзгенің пікірін құрметтеу.
3. Белсенді әрекет ету.
4. Уақытпен санасу.
І. Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. Бүгін мен сіздерді шамалы демалдырып, бір сәт өзіміздің жан дүниемізге үңіліп, «ғажайып» сөзін педагогикалық тұрғыда талдап көрсек деген оймен тренинг жүргізгелі отырмын.
Ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын! Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Шаңырақ құру
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық
ІІ. «Мінезімнің бір қыры»
«Ғажайып» сөзіне анықтама бар – бұл «барлық жақсы қасиеттерді қамтыған, ең жоғарғы қасиет». Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік, ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық қасиет бар болуы мүмкін.
Әр адамның мінезі жан дүниесінің айнасы,
Ал әркім өз мінезінің қожасы.
Ендеше сіз өз мінезіңіз жайында білгіңіз келе ме?
Мінезіңіздің бір қырын былайда байқауға болады екен. Біреуін таңдаңыз.
1. Банан 7. Жүзім
2. Алмұрт 8. Қызанақ
3. Анар 9. Киви
4. Апельсин 10. Құрма
5. Мандарин 11. Қара өрік
6. Алма 12. Шабдалы
13. Қияр
Енді мұқият қандай мінезде екеніңізді қараңыз:
1. Банан - ауыр мінезді 7. Жүзім – аңқау
2. Алмұрт – қатты адам 8. Қызанақ - ұялшақ
3. Анар - төзімді 9. Киви - қыдырымпаз
4. Апельсин - ұрысқақ 10. Құрма – көп сөйлейтін
5. Мандарин - сабырсыз 11. Қара өрік - кекшіл
6. Алма – ашық мінезді 12. Шабдалы - ақылы аздау
13. Қияр - көп ойланбайтын
ІІІ.«Ізшіл - зерттегіш» жаттығуы.(слайд көрсетіледі)
Сіздер жаңа мектепке кіргендеріңізге 3ай болды. Қазір түрлі сұрақтар арқылы байқағыштық деңгейді зерттейміз. Әр сұраққа неғұрлым тез жауап беру керек.
- Кіреберіс жерде қанша баспалдақ бар?
- Екінші қабатта қанша есік бар?
- Біздің мектепте қанша сынып бар?
АӘД пәні мұғалімінің аты - жөні?
- Мектеп директорының жақсы көретін гүлі?
- Кітапханашының аты - жөні?
- Мектепте қанша психолог жұмыс істейді?
- Биология пәнінің мұғаліміне қандай иіс су ұнайды?
- Бастауыш бірлестік жетекшісінің қанша мадақтама қағазы бар?
ІҮ.«Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау».
Мұғалімдерді «Кіші буын», «Орта буын», «Жоғары буын» тобына бөлу.
Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және сол суретке қарап, суретті сөйлету керек.
1 - тапсырма: Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
2 - тапсырма: Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
3 - тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Ү.«Тосын сый» жағдаяттан шығу.
ҮІ. Қорытынды: Енді тақырыпқа келетін болсақ,"ғажайып"деген түсінік бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады.
«Сіз ғажайыпсыз!» медальдарын ұсыну.
Біз әрқайсысымыз ғажайып, қайталанбас тұлғамыз. Бүгінгі тренингтің аяғында мен сіздерге «Сіз ғажайыпсыз!» медальдарын ұсынғым келіп отыр. Себебі ғажайып, жеке тұлға екенімізді бүгін көрсеттік.
Асыл жандар ұстаздар
Шын шеберлер өнерпаздар
Әр шәкірттің жүрегінде
Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар - дей келе бүгінгі тренинг - сабағымды аяқтаймын.
Қатысқандарыңызға көп рахмет!
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Жаңаарқа жалпы білім беретін орта мектебінің психологы:
Елеусизова Жазира Алибековна