Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мен таңдаған мамандық

Мамандық - бұл әрбір адам баласының  өзі сүйіп істейтін, әрі қуана жасайтын ісі. Әрі ертеңгі болашағы, жарығы бола алады. Әрбір адам баласы мамандығына құрметпен қарағаны дұрыс және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мамандық-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Қазақта жақсы сөз бар ғой: « Ең әуелі мамандық таңдаудан қателеспе, екінші жар таңдадан қателеспе» деген. Сол себепті адам мамандықты өз еркімен таңдағаны дұрыс. Оның көңілі, жаны қандай мамандықты қалайды, сол мамандық иесі болғаны абзал. Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен тікелей байланысып, ұштасып жатады.Барлық адамның армандауға, алдына мақсат қоя білуге мүмкіндігі бар және оған шектеу жоқ. Ешкімге армандама, қиялдама, алдыңа мақсат қойма  деп айта алмаймыз. Себебі: әрбір адам жеке тұлға, оның өз өмірі, жеке әлемі бар.

Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді, тіпті менде енді ұға бастағандаймын. Бұрындары, яғни есте жоқ, ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмаған, әр адамның өз қолынан қандай жұмыс келеді сол жұмысты істеп, өмір сүрген. Ал қазір ше?                                    

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыс, сәйкесінше, түрлі мамандық келе бастады, әлі де олардың шегі көрінер емес. Дегенмен саны бар, сапасы болмаса оның елімізге, өзімізге не пайдасы бар?! 

Кемеңгер Ұлы ақын Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан»-деген қасиетті сөзі өз мақсатымызға жетуге біздерге зор мүмкіндіктерге бағыт-бағдар беріп, жол ашады. Әр адам бала кезінен бастап өзі қалаған  мамандық иесі болсам деп армандайды және соған қол жеткізуге ұмтылады. Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырады. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде болып, біраз ойландым, қиялдап өзім армандағыһан мамандығымды біраз  уақыт сүйсіне зерттедім. Ақырында мені толғандыратын сұрақтың жауабын таптым. Ол- журналисттік сала еді. Журналист- қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады . Журналист-газет, журнал, радио, теледидар т.б. жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Журналист-ең әуелі әдеби, көркем сөйлей білуі тиіс. Ол үшін білім мен қабілет керек. Қандай оқиға болмасын, мәселен, қуанышты жүзімізге күлкі ұялататын оқиға немесе кездейсоқ, жаға ұстатар, келеңсіз жағдай, оқиға болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, саспай, абдырамай, көз жеткізіп, нақты шындық, ақиқат жазылып, халыққа жеткізілуі тиіс.   

Көпшілікке өмір жайлы толғап сол туралы айта білу де үлкен өнер, шеберлікті талап етеді. Ол үшін тіл, сөз байлығын мейлінше мол пайдалану керек, әрине жақсы жағынан. Тағы бір айта кететін нәрсе, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіптен жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну керек. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, халықтың назарын өзіне аудара білген жөн.

Журналист мамандығы- қиындығы мен қызығы қатар жүретін, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Журналист мамандығы-қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саясаттармен тығыз байланысты және барлық мәселелерден бірінші құлағдар болуы тиіс. Жалпы журналист болу мақсаткер, талапшыл, әрі бір уақытта тез тіл тапқыш, бауырмал бола білуі деген сөз. «Журналистика» термині франсуз тілінен адарғанда «журнал» сөзінен шыққан. Яғни, бұл –«күнделік» деген мағынаны білдіреді. Менің мамандығым өзіме қатты ұнайды. Біріншіден- өз мамандығымды сүйемін, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз халқымның жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре аламын. Бұл журналист үшін зор бақыт, үлкен құрмет, қуаныш.

Екіншіден - шеберлікпен, шығармашылықпен сұхбат жүргізе отырып, жұртыма шындықты түсіндіре білемін. Болашақта өз мамандығым бойынша жұмыс жасаймын.  

Қазақстанның әлі зерттелмеген беймәлім жерлерін тереңінен зерттеп, сол туралы мақалалар жазатын боламын. Тек Қазақстан ғана емес шет елдердіңде тарихын зерттеймін. Қазақстан мен шет елдердің  дүние-танымын, табиғатын, салт-дәстүрін салыстыра отырып, өз елімізге туристтердің көптеп келуіне өз септігімді тигіземін. Түрлі баспасөз басылымдарымен жұмыс жасап, газет-журналдарға түсіріп, тіпті көгілдір экранның ар жағынан да көрсететін боламын. Мен өз елімді де, мамандығымды да қатты жақсы көремін, және оған аса құрметпен, сүйіспеншілікпен, мақтанышпен қараймын.

Динара Сапаралы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама