Мен ұнататын жан-жануарлар. Дәулет Қасенов. Өкініш
Пәні: Әдебиеттік оқу Күні: Сынып: 2 | Мұғалім: Альдешова.Ф.Б. | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Мен ұнататын жан-жануарлар. Дәулет Қасенов. Өкініш. | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу 2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу,рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | -Өкініш мәтінін күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйледі.. - Өкініш мәтінін дауыстап, дұрыс әрі түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқыды. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды.Сұраққа жауап береді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық және сыни-тұрғысынан ойлау. Қарым- қатынас жасау қабілеті. | |||||||||||
Ойлау деңгейлері | Білу және түсіну, қолдану | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Музыка-ұжымдық жұмыс,қазақ тілі-топтық жұмыс . | |||||||||||
АКТ-ны қолдану | презентация,бейне ролик | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтінмен жұмыс жасай алады. | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары «Балмұздақ» әдісі арқылы балмұздақ таяқшасына сүйене отырып,үй тапсырмасын сұрау. Ынталандыру. Дұрыс жауапқа қол шапалақтау. Топқа бөлу. «Конверт » әдісі 1-топ 2-топ 3-топ Ширату жаттығуы «Суреттер сөйлейді» әдісі Коверттің ішінде қима қағазды құрастыру арқылы қандай жануар шығатынын айтады Тақтаға күшіктің суреті ілінеді,бір оқушы сол жануарды сипаттайды,ал екіншісі оның қандай жануар екенін тауып алады. -Қандай жануардың суреті шықты? -Ит туралы не білесіңдер? Бейнежазба . Тыңдалым. (ит туралы қысқаша мәлімет беру) Білім алушылар сын-тұрғысынан ойланып көрейікші.Бүгінгі біздің сабағымыз не туралы болмақ. Біз бүгін қандай білім меңгеріп шығамыз? Қалай ойлайсыңдар? Оқушылар өз ойларын айтады. Ендеше, үш топқа бөлініп,атауларды үш тілде атайық. Ітоп. Күшік ІІ топ. щенок ІІІ топ. Dog | Балмұздақ» таяқшасы Түрлі -түсті конверт Бейнежазба Күшік суреті | ||||||||||
Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Бірлескен оқу ортасын құру арқылы топтық жұмыс ұсынамын. «Ойлан, жұптас,топтас талқыла » әдісі Айтылым Аудиожазбадан «Өкініш» мәтінін тыңдату. 1.Автор туралы дерек білу. Мағынаны тану Қойын дәптер» әдісі бойынша Дәулет Қасеновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап,тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады
І-топ. Мәтіннің ішіндегі кейіпкерлерді рөлге бөліп сомдау. Дескриптор: -Мәтінді талдайды, -Кейіпкерлерді сомдайды. ІІ-топ. Осы мәтіндегі жағдай сенің басыңда болса не істер едің? Мәтінді өмірдегі жағдаяттарға байланыстырып қайта жаз. Дескриптор: - мәтінді өмірмен байлыныстырады. - Жаңа мәтін құрады. ІІІ-топ. Мәтінді талқыла. Неліктен «Өкініш» деген атау берілгендігін анықта. Дескриптор: -мәтінді талқылайды -«Өкініш» атауы неліктен берілгенін анықтайды. -Өз ойларын түсіндіріп айтады. ҚБ: « Әткеншек »әдісі Кері байланыс Белсенді оқу ортасын құру «Миға шабуыл »әдісі. Ұжымдық жұмыс Оқылым . Айтылым 1.Қайда?- күшік сөзін қайда, қандай мағынада кездестіресің? 2.Қалай?- күшік сөзі көз алдыңа нені елестетеді? 3.Қандай?- Суреттегі күшікті сипатта және алда оқитын мәтіннің не туралы екінін болжа. Дескриптор: -Күшік сөзінің қандай мағынады екенін айтады. -Күшік сөзін көз алдына елестеді. -Күшікті сипаттау арқылы ,мәтіннің не туралы екенін болжайды. ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек.» Кері байланыс Жеке жұмыс: Жазылым. 1.Күшік суретін сал. 2.Күшікті сипатта. 3.Күшіктің пайдалы және зиянды жақтарын айт. Дескриптор: 1. Күшіктің суретін салады. 2. Күшікті сипаттайды. 3. Күшіктің пайдалы және зиянды жақтарын айтады. ҚБ: «Басбармақ» әдісі . Кері байланыс Саралау тапсырмалары: 1.Мұғалімнің көмегін аз қажет ететін оқушыға оқу қарқынына қарай «Өкініш»тақырыбына өзінше әңгіме құрау. 2. Мұғалімнің көмегін көп қажет ететін оқушыға оқу қабілетіне қарай күшік суретін бояу. Дескриптор: 1.«Өкініш»тақырыбына өзінше әңгіме құрай алады. 2.Күшік суретін бояйды. ҚБ: «Сэнгвич » әдісі Кері байланыс: Жинақтау. «Жетістік баспалдағы »әдісі Өзіне ұнайтын жан-жануар туралы 5 жол өлең құрастыр.
Ит Ақылды, жүйрік Қорғайды, күзетеді, үреді. Ит-адамның сенімді досы Жануар. Дескриптор: -.Зат есім болатын сөзді жазады. 1 сөз - Сын есім болатын сөзді жазады. 2 сөз - 3 сөз қимыл атауын жазады. (етістік) - 4 сөзден тұратын сөйлем жазады. -Тақырыппен мәндес 1cөз (синоним) жазады. Кері байланыс « Білім ағашы » Бүгінгі сабақ түсінікті болса,стикерлерге есімдеріңізді жазып, « Білім ағашының» жоғары бөлігіне,түсінбегендерім бар десеңіз жетістік ағашының орта бөлігі діңіне, түсініксіз болды десеңіз төменгі бөлігіне жапсырыңыздар. Үй тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу | Оқулық | ||||||||||
Рефлекция |
Презентациясын жүктеу