Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Түрлі бағытта жүгіру.
Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу.
Допты басынан асыра лақтыру және оны қағып алу.
Өтілетін орын: Спорт зал
Ересектер топ: «Айгөлек» тобы
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу. Допты басынан асыра лақтыру және оны қағып алу.
Мақсаты: Нұсқаушының белгісі бойынша балаларды түрлі бағыт бойынша жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеуге үйрету.
Допты басынан асыра лақтыруға және оны қағып алуға. дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: Түрлі бағытта жүгіру.
Түсінеді. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу.
Қолданады: Допты басынан асыра лақтыру және оны қағып алу.
Ресурстар: гимнастикалық қабырға, доп, ленталар, шығыршық, сылдырмақ.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, үйрету, түсіндіру, нұсқаушымен жүргізілетін ойын, бағалау, мадақтау
Негізгі бөлім:
Балалар марш екпінмен залға кіру. Балалар бір қатар сапқа тұру. Сәлемдесу. Оңға, Солға, бұрылу.
Оңға бұрылу адымдап жүру, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, тізені жоғары көтеріп жүру, жартылай отырып жүру, аяқтың сыртқы - ішкі қырымен жүру, жәй жүгіру жылдам жүгіру екі қатарға бөлініп тұру.
Іздену ұйымдастырушы:
 1. Жан жақты дамыту жаттығулары.
«Шығыршықтармен»
1. Б. қ: аяқ бірге, қол алдында.
1 - шығыршықты жоғары көтеру, 2 - б. қ оралу, 4 - 5 рет
2. Б. қ: аяқтың арасы ашық, қол алдында.
1 - шығыршықты алға созу, 2 - отыру, 3 - тұру, 4 - б. қ оралу, 4 - 5 - рет.
3. Б. қ: аяқтың арасы ашық, қол алдында.
1 - шығыршықты алға созу, 2 - оңға қарай созу,
3 солға қарай созу, 4 - б. қ оралу 4 - 5 рет.
4. Б. қ аяқты созып отыру, қол алда.
1 - оңға қарай бұрылу, 2 - б. қ оралу,
3 - солға қарай бұрылу, 4 - б. қ оралу 4 - 5 рет.
Шығыршықты жоғары көтеріп секіру 7 - 8 сек.
Негізгі қимыл - қозғалыс жаттығулары:
1) Түрлі бағытта жүгіру.
2) Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу.
3) Допты басынан асыра лақтыру және оны қағып алу.
Қимылды ойын: «Тұзақ»
 шарты: Балалардың араларынан төрт ойыншы алынады. Екі ойыншыдан екіге бөлінеді. Екі ойыншы бір – бірінің қолдарынан ұстап қарама – қарсы тұрады бұл «тұзақ» қалған ойыншылар бір – бірінің қолынан ұстап құрылған тұзақтың ортасымен жүгіреді.. Нұсқаушы белгі беру арқылы тұзақ құрушылар қолдарын түсіреді тұзақ ортасынан өте алмаған ойыншы «тұзақ» болады. Тұзаққа түспеген ойыншы ойын соңында жеңіске жетеді.
Кім жылдам тартып үлгіреді» қимылы аз ойын
шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Арасынан екі ойыншы таңдалады, екі ойыншыға лента байланады. Нұсқаушының белгісі бойынша екі ойыншы байланған лентаны бірінші болып тартып қалу қажет. Бірінші болып тартып қалған бала жеңімпаз болады.
Қорытынды:
Балаларға бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі барысынан сұрақтар қойылды. Балаларды мадақтау.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№11 «Балапан» бөбекжай - балабақшасы.
Дене тәрбиесі жаттықтырушы:
Исмамбетов Берик Жолдасович

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама