Photo: Kunsulu Saurtaeva (https://www.pexels.com/@katya) / Pexels
- 08 мау. 2026 07:00
- 18
«Мені ұнатпайтын еркек жоқ»: Әсел Асқар Олжас Абаймен бірге әзілдеді
Танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар әлеуметтік желіде тағы да қызу талқының ортасына түсті. Алайда бұл жолы оның әрекеті сынға емес, әзілге айналды. Актрисаның қысқа уақыт ішінде көпшіліктің ықыласына бөленген көңілді видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Бейнежазбада Әсел өзіне тән ашық мінезі мен юморын көрсетіп, жұрт арасында айтылуы мүмкін әңгімеге өзі бірінші болып әзілмен жауап берді. «Әсел Асқар Олжас Абайға қырыңдап жүр екен деп ел айтпай тұрып, өзім айтып қояйын», – деген актрисаның сөзі желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.
Желіде тараған видео астына оқырмандар әзілге толы пікірлер қалдырып, Әселдің өзін-өзі әжуалай білетін қасиетін жоғары бағалады. Көпшілік оның жеңіл әзілі мен шынайылығын ерекше атап өтті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.