Менің анашым
Павлодар облысы, Павлодар ауданы,Черноярка ЖОББ мектебі,
10 орыс сынып оқушысы Смағұлова Айсана
Мұғалімі: Набиева Бижамал Қырықбесқызы
Ана керек, о, адамдар ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптықта дер дананы.
Даналықтың қажеті жоқ сайлау үшін ананы.
Т.Айбергенов. «Ана»
Адамның ғұмырында жақсылықпен жамандық бірге жүреді екен. Ең бастысы осы қиындықтарға қарамай үнемі алда болуға ұмтылу абзал. Менің анашымның тағдырында біраз қиындықтар бойалды. Мен 2 жасқа толғанда әкем Алматыға жұмыстарымен барып, бұзақылардың қолынан қаза болыпты. Ерте жесір қалған анам ешкіммен көңіл қоспай, барлық өмірін маған арнады. Еңсесі езілгенмен білегін сыбана қара жұмысқа да кіріскен кездері болды. Менің көңілімнен шығуға тырысады. Содан болар, анамды ерекше қадірлеймін, аяймын. Ол әке орнына әке, ана орнына ана болып, мені ешкімнен кем қылмай тәрбиелеуде. Кейін мен есейгенде маған анашым:
– Әкеңнен айрылғанда, ішкі жан дүниемнің бір бөлігін жұлып алғандай болды, бірақ-та әкең қашанда жүрегімде, осының арқасында әр қиындықты жеңуге тырысамын,-деп айтты. Үлкен отбасында тәрбие көрген анамнан үлгі алған мен жаман-жақсыны ажырата аламын деп ойлаймын. Менің анашым әкемнен көрген-білгенін айтып сыр шертеді. Жалпы, Ақбала атты анам, өзінің атына сай, бала мінез, ақ жарқын, кеңпейілді адам. Анамның бойындағы әйелге тән нәзіктікті, ерге тән ерлікті, анаға тән мейірімділікті, қарт әке-шешесіне, аға-әпкелеріне көрсетіп жүрген сый-құрметті, ізгілікті көріп өсіп келемін. Анам туысшыл, бауырмал, ұйымшыл болғанды қашанда өз өмірлік ұланы ретінде ұстайды. Қолы босаса ас үйдің мәзірін жайнатады. Қазақтың нағыз бауырсағын, самсасын дайындап әлек болады.
Қонақжай адам болғандықтан үйге адам көп келеді. Құрбыларынан, көрші туыстарынан өз көмегін аямайды. Қаншалықты шаршап шалдығып тұрса да, үйдің тазалығын жаны ұнатады. Сыйлық алғанды және жақындарына керемет бір сыйлықтар жасағанда үлкен бір қуаныш сезімде болады. Бірақ, анам үшін ең басты сыйлық- туысқандарының, ата-анасының саулығы, күлкі мен қуанышқа толы үйі. Демалыс уақытында құрбы- достарымен бас қосып жиылғанды ұнатады. Құрбыларымен отырғанда, ас мәзірінің шебері-анам, тамақты дәмді етіп пісірудің сан түрлі сырларымен бөліседі. Құрбылары да, туыстарымыз да анамды сөзге тартып:
- қызың өсіп тұрмыс құрып кетеді, өмір бойы жалғыз болмақсың ба?
- біреудің етегінен ұстасайшы, жалғыздықтан қорықпайсың ба?
– өз бақытыңды тап, өзіңді ойласайшы,-деп сөйлейді. Аса қарапайым, қазақи тәрбиенің асыл құндылықтарын жүрегінде ұйытқан анам:
- «Менің бақытым қызымның дені сау, білім алып, қоғамнан өз орнын тапқаны деп ойлаймын. Қызымды, «Кәмпитімді»(анам мені еркелетіп осылай атайды), еңбекқор, кішіпейіл етіп, адалдыққа тәрбиелегенім мен үшін өте маңызды»,-деп құрбыларымен ойын бөліседі. Әрине, нұрлы жолдағы аналар балаларымен бақытты, ұрпағымен ұлағатты. Менің анам - менің құрбым, досым, сырласым. Кейде анаммен сырласып еркелеген кезде:
- Ма, дос-жолдастарың бар ғой, ұнамай ма ?! Тұрмыс құрсайшы?! – деймін. Сонда анам :
- Кәмпитім-ау! Әкеңе ұқсас адам таппадым. Әкең марқұм – суретші, көңілді әнші адам болатын. Әкеңмен болған күндерімде күн қалай атып, қалай батқанын байқамай қалатынмын. Ал басқалармен ішім пысады, қөңілім толмайды,- дейді ағынан жарылып. Қыз кезіндегі көптеген арман мақсаттарының жүзеге аспағанын айтады, тағы жолым болмай қалама деймін деп күлімсірейді. Меніңше, әйел махаббаты – ең күшті махаббат. Еркектер әлімен күшті болса, әйелдер махаббатымен мықты. Әйел махаббаты - әлемнің тұтқасы. Әйел махаббатының күші жердің тарту күшінен кем емес-ау деп ойлаймын. Міне, салдырлаған анамның бойында жүрегінің тазалығы, мөлдірлігі жұртшылыққа бірден көзге түседі. Күнделікті қарбалас тіршілікте, ішкі дүниесін кірлетпей сақтай білуі, парасатын жоғалтпағандығы-анамды нұрландыра түседі. Ақбала атты анамдай әйелдер арта берсін дегім келеді.
Мен анама ұқсауға тырысамын. Менің анамның мамандығы – жұмысшыларды асырау деген кәсіп, яғни аспазшы. Кішкентай ғана Ақбала атты анам-үлкен талғам мен жауапкершілікті талап ететін істің иесі. Анамның құрбылары :
- Дәмді тамағыңның сыры неде?
–Біз өзің айтқандай жасап едік, олай болмады,-деп сұрайды. Сонда анам:
- Үлкен табаны аламын, махаббат пен сүйіспеншілікті саламын, сұлулық пен бақытты да қосамын, көңіліммен пісіремін, қуырамын, -дейді күліп.Мен не істесем де жай ғана пісіре салмаймын, дәмі тіл үйретіндей етіп дайындауға тырысамын. Сонда ғана өз жұмысыңа риза боламын,- дейді.
Өз кәсібін сүйетін анам асханаға келген адамдарға әркез жылы қабақ таныту арқылы көпшіліктің ықыласына бөленуге болатынын алға тартады. Анамның жұмысқа берілгені соншалық, ауырып қолса да, қызметтен қол үзген емес. «Жұмысым қатты ұнайды, сондықтан, бар қиындықты ұмытып кетемін», -деп қоятын. Жұмыстағы көңіл-күй барлық жағымсыз әсерлерді жеңетінін айтады. Бірақ « Сыртым бүтіп, ішім түтіп, оны білмес, сезбес ешкім» деп қанша, рет сырқатынын жеңемін деп сыр бермегенімен, өткен жылы анам ота жасатты. Онсыз да нәзік, кішкентай анам, әжем айтқандай «Жұқабала» тіпті шөгіп, бір айдың ішінде қартайып кеткен сияқты. Қазір жеңіл жұмысқа көшірілді. Қанша ойнап-күлсе де, маңдайындағы мезгілсіз пайда болған көп әжімді көріп қиналамын. Мен анамды ешкімнен кем қылмаймын деп қиындықпен күрескен батырларға таңеймін. (Малайсарының қарындасы)Қабанбайдың жары-Гауһар батырға, сақ патшасы- Тұмар ханшаға,(Кеңесарының қарындасы) Әбілқайырдың зайыбы-Бопай ханымға ұқсатамын. Жүзі нәзік болғанымен, жаны қайсар аналарға теңеймін.
Мінеки, анам менің осындай ерекше адам. Ол достарына, туыстарына қуаныш әкеледі, еңбегімен игілікке үлесін қосады. Қарлығаштай лыпып, ешқашан тыным таппайды. Анашым бұдап басқа тіршілікті өмір деп түсінбейді. Қыстың қаһары кетіп, алдымыздан көктеміңіз жылы лебімен келетін халықаралық әйелдер мерекесі бар. Мен үшін маңызды мейрамның бірі, өйткені осы күні мен әжеме, сүйікті анама, әпкелеріме деген құрметімді, сүйіспеншілігімді жеткізе аламын. Әсіресе, анама деген құрметімді аямауым керек. Сол күні анамды ерекше қолпаштап, сый –сияпатты еселей түскенім абзал. Мүмкін болса, сол күні барлық үй шаруасындағы күйбелең жұмысты өз мойныма алғаным жөн. Менің анашым әлдебір атаулы күндердің болған – болмағанына қарамастан, жыл он екі айдың бүкіл 365 күнінде қамқорлық пен ынта-ықыласка зәру деп ойлаймын. Қанаты сынған қарлығаштай өз балапанын қамқорлығына алып, қорғады.
Анашым! Енді балапаның, Айсана, есейді, ержетті. Тек денсаулығың жақсарсын, өмірің ұзақ болсын. Өмір берген анама үлкен рахметімді айтамын. Мен анамды қорғаймын, аялаймын, еңбегіңді ақтаймын. Рахмет саған, анашым!
Қызың Айсана.