Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Сауат ашу 1 сынып
Бөлімі: мектебіме саяхат.
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Оқу мақсаттары
1212. Оқудың түрлерін (Буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу қолдану)
1. 2. 9. 1. әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1. 3. 8. 1. жазу жолын, жоларалық кеңістікті жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Тілдік мақсаты: Дос – друг - frend
Мұғалімнің көмегімен айтады, сөз тіркестерін құрады
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне, көркем жазуға, бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, өз тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дене шынықтыру, ағылшын, орыс тілі
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта, бейнеролик

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 1 минут
Психологиялық ахуал орнату. Амандасу.
- Балалар, Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір - бірімізге тілегімізді айтайық! Бір - бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге,
Қандай жақсы бір тұру
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

Білу, тану
Сыни тұрғыдан ойлау 2 минут
Ширату жаттығуы:»Мен саған, сен маған»ойыны
Мұғалім: Доп беру арқылы
Балалар мен сендерге бірнеше сұрақ қоямын?
- Футболды немен ойнайды? Доп.
- Қай музыкалық аспаппен күй орындалады? Домбыра
- Айтқанда біз нені естиміз? Дыбыс
Бүгінгі сөздердің бірінші дыбысын айтайықшы қалай естіледі «Д»- Д - Д қайталап хормен айту.
Айтылу барысында Дауысты, дауыссыз екенін таниды, ажыратады.

Солтүстік Қазақстан обылысы,
Айыртау ауданы, Саумалкөл № 2 гимназия - мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Казжанова Нургул Сексенбаевна

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама