Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Менің мектебім
Астана қаласындағы №27 мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Бакакова Айсулу Кожанбердыевна

Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша өткен материалды қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту, оларды өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: өткенді еске түсіру, көрген, естіген, оқығандарын қолдана білуге дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ой - өрістерін кеңейту.
б) Тәрбиелік: білім алуға ынталандыру, оқуға шақырып, өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, интерактивті оқыту әдісі, тізбектеу әдісі, қорғау, қайталау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт парағы, бағалау парағы, қабырға газеті, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушыларды түгендеу
2) психологиялық тренинг «Жүректен жүрекке».

II. Үй жұмысын тексеру.
Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.
1 топ - мектеп туралы жалпы мәлімет
2 топ - презентация дайындайды
3 топ - қабырға газетін қорғайды

III. Жаңа сабақ.
Ал енді жаңа топқа бөлінейік.
1) а - Сонымен, мектебіміз қандай болу керек? (1 топқа сұрақ)
Ә - Мектепке не үшін келеміз? (2 топқа сұрақ)
Б - Білім алған адам қандай болады? (3 топқа сұрақ)

2) Жобаны қорғау. Болашақта біздің мектеп қандай болады, қандай болсын деп қалайсыңдар? (Болашақ мектебінің суретін салып қорғау)

3) Сергіту сәті (видеоролик)

4) Болашақ мектеп туралы әңгімелегенде етістіктің қай шағын қолдандыңдар?
Дұрыс, келер шақтағы етістіктерді.
Етістіктің тағы қандай шақтары бар?
Нақ осы шақ және жедел өткен шақ.
Осы үш шақ қалай жасалады?

5) Осы тақырып бойынша сендерге семантикалық кесте ұсынғым келеді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама