Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Менің өлкемнің ардагері - Шулятиков Василий Александрович

Адилгазина Молдир Адилгазиевна
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
«Бастауыш білім беру» мамандығының білім алушысы
Жетекші: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
Педагогика пәнінің оқытушысы,
Кабинет меңгерушісі

 

Василий Александрович Шулятиков 1917 жылы Большенарым ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Мектептің 7 сыныбын  бітіргеннен кейінШығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласының педагогикалық училищесіне түсті. (Қазіргі кезде М.О. Әуезов атында)

Мұғалімдік мамандықты жақсы тәмәмдәп, алғашында мұғалімдік қызмет атқарып, оқу ісінің меңгерушісіне дейін ерен еңбегінің арқасында, қазіргі Жарма ауданына қарасты Қалбатау жерді мекенінде В.В. Маяковский атындағы Георгиевка орта мектебінде директорына дейін қызмет атқарды.

Ер азамат ретінде 1939 жылы қыркүйекте Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1941 жылы 22 маусымда кіші сержант Шулятиков Прибалтикада неміс – фашистерімен ұрысқа кірді. Мұнан соң 163 – Ромнен атқыштар дивизиясы құрамында Воронеж, 1,2-ші Украина, басқа майдандарда ұрыс қимылдарына қатысты. Лычково станциясындағы ұрыстар есте қаларлықтай. Командованиенің тапсырмаларын мінсіз орындағаны, тапқырлығы үшін В.А.Шулятиковқа 1943 жылы 29 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы В.А.Шулятиковты Ленинград байланысшылар əскери академиясына оқуға жіберді. Кейін ол академияның адъюнктурасына түсті. 1955 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Академияның байланыс кафедрасына сабақ берді. Бүгінгі уақытта өзі білім алған киелі ордасы 113 жылдық тарихы бар М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Қосымша білім беру педагогі» оқу аудиториясына Кеңес Одағының Батыры, оқу орнының түлегі, полковник  Василий Александрович Шулятиковтың есімінің берілді.

Ұлы Отан Соғысының ардагері, Шығыс Қазақстан облысының тумасы В.А.Шулятиковтың өмірі мен еңбек жолын осы оқу орнында білім алып жатқан әр білім алушысы танып білуге түрлі насихат жұмысы жүргізілуде. Оқу кабинетіне есімін беру арқылы осы оқу кабинетте білім алатын студенттерге әрбір сабақта, тәрбие сағаттарында ұлы тұлғаны үлгі ету, бойларына патриоттық сезімді қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен  1945 жыл бұл әлем үшін қуанышты да , естен кетпес күн, бұл күні біздің ержүрек ата-бабаларымыз өздерінің жерлері үшін жанын құрбан етіп, қыстың анау  ызғарына шыдап бағып, кеуделерінде «Бізқазақпыз» деген жалынды от өрледі.  Сол елі үшін жанын берген аталарымыз, әпкелеріміздің есіміздің үнемі ұлықтап, бас иіп, тағзым етейік.

Қорытындылай  келе, 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Бүгін соғыс және еңбек ардагерлері, облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, студенттер - елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһармен ерлерді еске алып, рухтарына тағзым етті. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Боздақтар.1941-45ж.:Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң 50 жылдығына арналады/ Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 1994. - 496 б
  2. Кәрібаев Б.Б. Қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі. “Қазақтарихы”. 1993, №3, 31-37 бб; Соныкі .
  3. Чулошников А.П. Очерки по истории казак –киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских народов. Оренбург, 1924, ч. 1, 134-161 бб.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама