Менің сүйікті ертегім
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы
«Балауса» балабақшасының бейнелеу өнері оқытушысы
Тлеумаганбетова Асемгуль Орынгалиевна
Тақырыбы: Менің сүйікті ертегім
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық, әлеуметтік орта.
Мақсаты: Ертегінің желісін түсіндіріп, сөздік қорларын, ой - санасын және көз алдарына елестету қабілеттерін дамыту, ертегіні рөлге бөліп орындауға, сурет салу дағдысын дамыту, балаларды қайырымды, көпшіл болуға тәрбиелеу. Кейіпкерлерге енгізе отырып, бейнелеу пәнге деген қызығушылықтарын нығайту.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, слайд көрсету, сұрақ - жауап, сергіту, мадақтау.
Көрнекіліктер: Слайд, жабайы аңдардың суреттері, ертегі кітапшалар.
- Балалар, бүгін бізде өте ерекше күн, себебі бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр.
Алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Сәлем, сәлем басым!
Сәлем, сәлем көзім!
Сәлем, сәлем бетім!
Сәлем, сәлем қолым!
Сәлем, сәлем балалар!
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
- Балалар мында қарайықшы
(Сандықшаны көрсетеді.)
— Дұрыс айтасыңдар, бұл сиқырлы сандықша, қарайықшы балалар, оның ішінде не бар екен? (сандықша музыка әуенімен ашылады)
— Қане, қарайықшы, мынау сиқырлы қапшық. Балалар бұл қапшық жәй қапшық емес, сиқырлы.
— Оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
— Балалар оның ішінде сендердің сүйікті ертегілерің бар!
— Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
— Қандай ертегілерді білесіңдер?
(Шалқан, жеті лақ, тазша бала, желаяқ, толағай, бауырсақ т. б.)
— Жарайсыңдар балалар, сендер көп ертегілерді біледі екенсіңдер.
- Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегі «Бұрынғы өткен заманда, ерте - ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет - ғұрпы, елдік тарихы, қилы - қилы асулары, арман - мұраты бейнеленген.
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу - сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарылған күрделі шығармасының бір түрі – ертегілер. Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.
- жануарлар жайында ертегілер
- қиял - ғажайып ертегілер
- шыншыл ертегілер
Осы ертегілердің ішінде ең көнесі, әрі оқырманын баурап өзімен жетелей түсетін ертегілерге – қиял ғажайып ертегілер жатады. Бұл ертегілерде табиғаттың тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнелеген.
Сол дүниеде жақсылық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама - қарсы күштер арасында өрбиді.
Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр:
1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (Түлкі)
2. Далада жүр шапқылап, керемет тым Саққұлақ, Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (Қоян)
3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (Қасқыр)
4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю )
5. Өзі қып - қызыл болып піседі, Күнге ұқсас келеді. (Бауырсақ)
- Ендеше мен сендерге бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізде «Бауырсақ» ертегісімен толық таныстырамын.
Ертегі туралы түсінік беру. (слайд көрсету).
Кейіпкерлерін сұрау арқылы, балалардың өздерін ертегі кейіпкерлеріне айналдырып, көрініс көрсету.
(Балалар ертегі кейіпкерлеріне айналып, өздері көрініс қояды)
- Балалар, енді біздің ата мен әжейдің бауырсағын қайдан тауып береміз?
- Олай болса, біз ата мен әжеге бауырсақтың суретін салып берейік.
Алдымен ауада шеңбер көрсету арқылы түсіндіру.
- Бауырсақтың пішіні домалақ, күн тәрізді, сондықтан домалай береді.
- Балалар, суреттегі бауырсақ бейнесін жақсылап қарап алайық, содан соң ақ қағаз бетіне бауырсақтың суретін салуға кірісеміз.
- Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін сары түспен бояймыз.
Сергіту сәті:
Ата ағаш жарады,
Әже нанды жабады.
Түлкі тамақ пісіріп,
Қасқыр кілем қағады.
Қоян көйлек тоқиды,
Аю сабақ оқиды
Қорытындылау:
- Жарайсыңдар балалар! Сендер қандай ертегімен таныстыңдар?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- Бауырсақ.
- жануарлар жайында ертегілер
- қиял - ғажайып ертегілер
- шыншыл ертегілер
- Өте жақсы, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізге барлығыңыз да өте жақсы қатыстыңыздар! бауырсақтың суретінде әдемі етіп салдыңдар.
Оқу іс - әрекетіне белсене қатысқан балалардың есімдерін атап өту. Қонақтармен қоштасып, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.
Педагог балаларды мақтайды және мадақтайды. Ата мен әже ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.