Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сәбит Мұқанов «Есіл бойында»
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
«Қ. Нұржанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі:
Райымбекова Ардақ Жарқынбекқызы

Әдебиет 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Есіл бойында».
Сабақтың мақсаты:
Әңгімедегі Есіл бойының табиғаты, жеке көріністерін білуі тиіс. Жазушының суреттеудегі сезімі, тіл көркемдігі, ақынның музыка өнерін шебер өріп келтіруі, реалистік сипаты мен эстетикалық әсердің күшеюі түсуін сезіне алулары тиіс. Оқушылардың әдеби теориялық ұғымдармен жұмыс жүргізе білуге, өз ойын еркін жеткізуге тілін дамыта алуы тиіс. Оқушылардың қазақ музыка өнерін, халық әндерінің құдіретін, сезіне алып, өнерпазды қадірлей білуі тиіс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ - жауап, ой қорыту, ән тыңдау, пікір айту
Көрнекіліктер: Халық әндері жинағы, музыка өнері т. т. кесте.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
(әңгіме мазмұнын үйде оқып келгендері бойынша талдау)
Қызығушылығын ояту.
- «Есіл тасып барады». Есіл деген не? Қазақстанның қай өңірінде орналасқан? Елімізде қандай ірі өзендер бар?
Есіл қандай?- толқынды, сағымды, мөлдір.............

Әңгімені қандай бөліктерге бөлуге болады: (жүйелеу)
1. Есіл бойының табиғаты.
2 Жеке суреттері (шалғыны мен жеміс - жидегі). Тоғайы.
3. Жазушының шуақты сезімдері. Есіл өзені. Түрлі құстар әні. хор.
4. Бес болыс Керей – Уақтың ең ірі жемісі.
5. Мырзатай салған әндер.
6. «Есіл тасып барады» әні, тарихы.
7. Әннің орындалуы.
8. Кейіпкер пікірі.

II. Мағынаны таны.
Әңгіменің тіл көркемдігі Әңгіме диалог баяндау пейзаж теңеу.
Тапсырма:
1 топ. Диалог табу
2 топ пейзаж табу
3 топ. теңеулерді табу.

4 топ. Мырзатай салған әндер қандай?
Алтайдан Қултума
Ғазиздің әні
Мәди әні
Жаяу Мұса
Естай
Канапия

Ізденімпаздық тапсырма. Қазақ музыкасындағы Құлтуманың, Ғазиздің, Мәдидің, Жаяу Мұсаның, Естай мен Қанапияның алар орындары қандай?
Өмірі мен шығармалары туралы іздену.
Мәтін бойынша тапсырма:
1) Мәтіннен «Есіл тасып барады?» әнінің шығу тарихын тауып оқы? Осы бөлік Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі Ақтамақ хикаясымен салыстыр.
«Есіл тасып барады»------------------------------«Ақтамақ хикаясы»

III. Толғаныс. «Ән тарихы» әңгіме құрастыр
Кері байланыс. БББ стратегиясы
Үйге тапсырма: Әңгіме мазмұны бойынша Есіл өлкесі туралы географиялық мәлімет. Мырзатай салған ән радиусын картаға салу
Бағалау:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама