Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйіп тыңдайтын әндерім
Мәтін: С. Сейфуллин Біржан

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 2. 1. 1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
2. 3. 1. 1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру.

Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.

Басталуы
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Жаңа білім
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі
Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

Алматы облысы, Сарқан ауданы,
Екіаша ауылы, Екіаша орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Косаева Бота Серикжановна
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама