Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Түбір сөз және туынды сөз
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Сабақтың мақсаты: а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру. ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту. б) сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: ребус, жұмбақтар, сызбалар, т. б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.
Балалар, бәріміз қасымызда отырған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т. б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.
1. Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман. 2. Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
3. Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз

ІІІ. Жаңа сабақ: Түбір сөз және туынды сөз.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз: ерлік татулық жұмысшы
19 - жаттығу. Түбір сөзге тиісті жұрнақты қосып жаз.
Жұмыс - шы, дос - тық, сый - лық, талап - кер, қызмет - ші, дойбы - шы, ас - тық.
20 - жаттығу. Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт.
21 - жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
22 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
23 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.
25 - жаттығу. Қай гүлге көбелек қонғанда жаңа сөз жасалады.
Сергіту сәті. Ойын: Көбелек қуу.

ІҮ. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою
1. Түбір дегеніміз не? 2. Туынды сөз дегеніміз не?
3. Туынды сөзге мысал келтір.
Ү. Бағалау. Үйге: 31 - жаттығу.
Түбір сөз және туынды сөз. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама