Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Менің таңдауым - ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны. 1934 жылы негізі қаланған ҚазҰУ қазіргі таңда жоғары кәсіби, тек республикалық ғана емес, халықаралық білім беру орталығына айналып отыр. Әлемнің үздік 150 университетінің қатарында тұрған, атақты шығыс ғұламасы әл-Фарабидің атымен аталған қасиетті қара шаңырағымыз – еліміздің мақтанышы. Дәл осы оқу орнында білім алып, жастық шағымды ҚазҰУға арнағаныма еш өкінбеймін. Осыдан бір жыл бұрын менің өмірімде үлкен таңдаулар тұрды. Алтын ұя мектебімнен қанат қағып ұшқан соң, жоғары оқу орнын таңдау мүмкіндігі туды. Менің таңдауым – ҚазҰУ. Бұл шешімді қабылдауымның себебі көп. Ең алдымен мен оқып жатқан “механика-математика” факультетінің білім беру саласы Қазақстандағы барлық универлерден жоғары деңгейде  деп есептеймін. Мүмкін сондықтан да шығар ҚазҰУдың әйгілі түлектері жеткілікті. 16 факультетте 180 сала бойынша мамандар дайындап, тек қана білім емес студенттік өмірге де ұланғайыр естеліктер сыйлап жатқан ҚазҰУ – менің оң таңдауым деп есептеймін. Студенттік өмірді қызықты өткізуге үлес қосатын түрлі жастар ұйымдары, мерекелік іс-шаралар толассыз жылы естеліктер қалдыруда.. “Казгуград” аталатын ҚазҰУ қалашығында студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Әл-Фараби кітапханасы - Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие. 1600 адамға лайықталған “Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы” – Алматының екінші ең үлкен сарайы. Мединицалық көмек көрсету, кинотеатр, қаржы саласындағы қызмет көрсету және “Magnum daily” азық-түлік сауда дүкені секілді дүниелерді қамтитын – “Керемет” студенттерге қызмет көрсету орталығы да студенттер алысқа арбаламауға үлкен мүмкіндік жасайды. Жатақхананың да қалашықта орналасуы бір жағынан білім саласының жақсаруына, екінші жағынан уақытты тиімді әрі қызықты өткізуіне септігін тигізуде. Бұл университет қабырғасында жүріп жан-жақты дамитыныма, көшбасшылық қасиетімді одан әрі шыңдайтыныма, жоғары білім алатыныма күмәнім жоқ.

Тулебай Айгерім

ҚазҰУ Механика-математика факультетінің 1 курс студенті

Уразгалиева С. А жетекшілігімен


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама