Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы нөмірі бірінші университет екені айтпасады белгілі. ҚазҰУ әлем университеттерінің арасында ең үздік 150 университеттердің қатарына кіреді. Қазіргі таңда ҚазҰУ-де 25000-нан астам студенттер, магистранттар және доктаранттар (рHd) оқиды. ҚазҰУ-де қазақ студенттерінен бөлек шетелден келген студенттерде білім алады. Осындай үлкен білім ошағында 180 сала бойынша мамандар дайындайды. Бұл оқу орнында 16 факультет, 67 кафедра бар. Факультеттері механика және математика факультеті, биология жіне биотехналогия факультеті, заң факультеті, журналистика факультеті, философия факультеті, география және факультеті, химия және химиялық техналогия факультеті, физика-техникалық факультеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, тарих, археология және этнология факультеті, шығыстану факультеті, эканомика және бизнес жоғары мектебі. Мен армандаған студенттік өмір механика және математика факультетінде өткенін көп армандадым. Ең басты арманым осы университит қабырғасынан білім алсам деген болды. 2021-ші жылдың жаз айы ҰБТ тапсырудағы соңғы мүмкіндік. ҚазҰУ университетіне түсу үшін маған жоғарға бал алу қажет болды. ҰБТ-ден өзімнің көңіліме қонарлық балды алған соң сенімділікпен ҚазҰУ түсуге конкурсқа қатыстым. Қуанышыма орай грант иегері болдым. Қазіргі таңда механика және математика факультетінің 1 курс студентімін. Мен армандаған студенттік өмір басталды. Қазақстанның әр бұрышынан жиналған сен тұр мен атайын деген студенттердің арасында оқимын. Қазақстанның арғы шеті Атыраудан келген мен үшін Алматыға үйренісіп кету мен үшін оңай тимеді. Ауа-райы, адамдары, барлығы батыстан өзгеше. Бірақ мен осы университетті таңдағаныма еш өкінбеймін. Себебі, ҚазҰУ- мүмкіндіктер мекені диді ғой. ҚазҰУ-де қазір өз-өзіңді дамыта алатын көптеген ұйымдар бар. Олар арқылы әр студент өздерінің әлі ашылмаған қырларын аша алады. ҚазҰУ таңдағаныма еш өкінбейтін тағы бір себебім "ҚазҰУ Қалашығы". ҚазҰУ Қалшығында студенттерге барлық жағдай жасалған. Бұл қалашықта 2 миллионнан астам кітап қоры бар кітапхана орналасқан. Кітапханада басқа да электронды кітаптар мен компьютерлер бар. Кітапханадан бөлек қалашықта "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан. "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығында медициналық көмек көрсету орталығы, "Маgпum Daily" сауда орталығы, кинотеатр және т.б. қызмет түрлері бар. Қалашығымызда мәдени-ойын-сауық бағытындағы нысандар ішінде Республика Сарайынан кейінгі екінші орынды алатын Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы бар. Мен осы университет қабырғасында жүріп өзімді алға жетелейтініме сенімдімін. Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті болғаныма қуаныштымын.

Механика және математика факультетінің 1 курс студенті
Кетеш Жанарыс
Жетекшісі Уразгалиева С.А.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама