Microsoft Excel кестелік процессоры
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры. Excel - мен танысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Excel бағдарламасы бойынша білімді меңгерту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, бейнеәдіс, сыныппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, кестелер, таратпа материалдар
Сабақтың құрал – жабдықтары: Интерактивті тақта, дербес компьютер, MS Excel бағдарламасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
“Кім білімпаз?.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Word құжаты терезесі элементтерінің атауларын жақтауға енгізіңіз?
2. Редакциялау дегеніміз не? Мәтіннің бөліктерін көшіру, қиып алу, қою әдістерін атап шығың?
3. Кесте дегеніміз не және қалай құруға болады?
4. Word мәтіндік редакторы дегеніміз? Іске қосу...
5. Екілік СЖ он алтылыққа аудару кестесін пайдаланып аударамыз. 1010111011101=11110110011=
6. Мәтінді форматтау дегеніміз? Ожеговтың сөздігінде “абзац” мағынасы?
7. Компьютерлік графика дегеніміз және қандай түрлерін білісіңдер?
Оқушылар енді біз өткен тақырыптарды қаншалықты түсінгенімізді білу үшін, өткен тақырыптарды пысықтаймыз.
Өткенді пысықтау.
Жауабын тек қана бір сөзбен жазу керек.
1. Бетке номер қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
2. Бетке рамка қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
3. Кесте қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
Сиқырлы пернелер.
Enter – Енгізу
Delete – Оң жақтан кетіру
Esc – Болдырмау
Tab – Абзацтан
Num Lock – Сандарды қосады
Backspace – Сол жақтан кетіру
Caps lock – Үлкен әріп
3. Жаңа сабақ. Microsoft Excel кестелік процессоры. MS Excel - ге кіріспе.
Балалар, біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз электрондық кесте MSExcel бағдарламасыман танысу, ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау барысында қолдана алу.
Жаңа сабақ екі бөлімнен тұрады. Яғни, оқушылар теориялық бөлімді меңгере отырып, практикалық бөлімді қатар орындайды.
1) Microsoft Excel – дің дүниеге келуі;
2) Microsoft Excel – мен танысу;
Тарихи шолу.
1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдісті ойлап табуға ұйғарды. Олар тарихта бірінші рет кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартып, VisiCalk (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel бағдарламасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.
1985 жылдың мамыр айында Microsoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң - ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді.
2) Microsoft Excel – мен танысу;
Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада кесте түрінде дайындауға мүмкіндік береді. Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Сонымен қатар, қарапайым пайдаланушылар элементтер есептеулерді жүргізу үшін қолдана алады. (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы). MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар, олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады. Excel бухгалтерияда қарқынды дамыған, яғни көптеген фирмаларда құжаттар мен есептеулерді дайындауда және әр түрлі есептеулер жүргізуде кеңінен қолданылады.
Оқушылардың алған білімдерін бекіту:
“Брейн - ринг” ойыны.
• Microsoft Excel бағдарламасының қалай іске қосамыз?
• Microsoft Excel бағдарламасының қызметі қандай?
• Excel - ң жұмыс кітабы дегенді қалай түсінеміз?
• Интерактивті тақтаның көмегімен Excel - де жаңа құжат әзірлеу және сақтау керек.
Сыныппен жұмыс. “Менің жасым нешеде?”.
Excel бағдарламасын іске қосамыз.
Тапсырма:
• А1 ұяшығына «Мен... қаласында дүниеге келдім» деген мәтінді енгізіп, оның сол жақ шетке ығысып орналасқанына көңіл бөліңіз.
• В1 ұяшығына туған жылыңызды енгізіңіз.
• С1 ұяшығына биылғы жылды енгізіңіз.
• D1 ұяшығына =С1 - В1 формуласын енгізіңіз. Нәтижесі қалай болады? D1 ұяшығында сіздің жасыңыз көрсетіліп тұр.
• Осылайша 2030 жылы өзіңіздің қайжаста болатындығыңызды есептеңіз.
Кітаппен жұмыс. 8. 1 - тапсырма[98]. MS Excel - мен танысу
4. Кестенің C бағанында және 4 - жолында тұрған ұяшықты белгілеңіз. A16 - ны белгілеп, ұяшықтарды біріктіріңіз. F3 ұяшығын да біріктіріп, атыңды жаз.
5. Басы A1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеп, ұяшықтарды сары түске бояңыз және әр түрлі шекаралар қойыңыз.
Үйге тапсырма: Microsoft Excel кестелік процессоры. 8. 1. MS Excel - мен танысу
MS Excel ортасында 5 – 7 көбейту кестесін құру.
Өзін - өзі бағалау: Оқушылар сабақта алған бағаларын MS Excel бағдарламасында өздері есептеп шығуы тиіс. Оқушының сабаққа қатысымы, үйге берілген сабақты айтып, тапсырмаларды орындағаны ескеріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.