Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 11 мау. 2026 00:00
- 25
Мөлдір Мұқан бес баласының бағына көлік алды: «Құдай берем десе, 1-ақ күн жетеді екен!»
Белгілі продюсер, әнші Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі бес баласының несібесіне жаңа көлік алғанын айтып, көпшілікті сүйіншіледі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Бала-шағаның несібесі… Бір кездері өзіме модель, актер, актриса, стилист, көмекші, ақылшы – бәрін туып алғаныма әуелі Аллаға, сосын өзіме ризамын! Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, 1-ақ күн жетеді екен», - деп жазды Мөлдір Мұқан.
Әнші жаңа көлікпен бес баласын алып, жақсы жерлерге баратынын айтып, қуанышын жасырмады. Ол @daali.motors компаниясына алғыс білдіріп, олардың көліктерінің отбасына жарасымды екенін атап өтті.
«Құттықтауларын жаудырып, біз үшін қуанып жатқан әрбір жанға мың алғыс. Мен әр оқырманымды шын жақсы көремін. Баршаңызға жақсылық жұғысты болсын! @daali.motors-тан сіздерге де көлік бұйырсын», - деп сөзін қорытындылады өнер иесі.