Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 10 ақп. 2026 21:00
- 18
"Моргке бардым": Атыраудағы трагедияға қатысты марқұмның қарындасы тың деректі айтты
Атырауда жоғалып кеткен отбасының трагедиялық жағдайына қатысты жаңа мәліметтер жарық көрді. "Qazaq Airan" YouTube арнасы таратқан хабарламада марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шыламағамбетова ағасының мәйітін көргендегі ерекше жайттарды баяндады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әдемі Шыламағамбетова ағасының денесін көргендегі жағдайды ерекше атап өтті. Оның айтуынша, мәйіттің үсті толығымен балшыққа оранған, тіпті беті де лай болған. "Моргке бардым, өзімнің көзімді жеткізу үшін ағама кірдім. Қолындағы жазуын таныдым. Аузын ашып жатыр екен. "Өзімнің ағам, таныдым" деп айттым. Үстінің бәрі балшық болды. Беті де балшық. Жуындырмай тұрып көрсетті. Жуындырғаннан кейін көрсеткен жоқ", – деп бөлісті ол.
Бұл жаңа деректер Атыраудағы қайғылы оқиғаға қатысты қоғамдағы алаңдаушылықты одан әрі арттыра түсуі мүмкін.