Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Мұрат Бисембиннің қызы жүрекжарды жазбасымен бөлісті

Ауыр дерттен көз жұмған актер Мұрат Бисембиннің қызы әкесін жоқтап, жан тебірентер жазба қалдырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі жазба

Марқұм актердің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің қазасына байланысты көңіл айтып, қолдау білдірген жандардың барлығына алғыс білдірген. Оның айтуынша, соңғы күндер отбасы үшін күтпегендей тез өткен.

«Достар, қолдау сөздеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын. Жылы лебіздеріңізге рақмет. Өкінішке қарай, физикалық тұрғыда барлығыңызға жеке-жеке жауап беруге шамам жетпей жатыр. Бірақ бір нәрсені біліңіздер: сіздердің сөздеріңіз жанымды жылытып жатыр.
Қоштасуға келген барша адамға рахмет. Барлығы тым тез болды. Біз мұндайды күтпедік те, болжай алмадық.
Біздің өміріміз енді ешқашан бұрынғыдай болмайды. Біз өміріміздегі ең қымбат жаннан айырылдық. Біз әкемізден, сүйікті жардан, отбасының тірегінен айырылдық.
Мен бұл қайғыдан ешқашан айыға алмаспын, бірақ сонымен өмір сүруді үйренуге тырысамын.
Өздеріңізді күтіңіздер…», деп жазды ол.

Жаңалықтар

Жарнама