- 08 мау. 2016 00:00
- 393
Нақыл сөздер
Қадыр Мырза Əлінің қанатты сөздері
Жалқаулық - жастыққа,
Пасықтық - қарттыққа тəн.
* * * * *
Ақиқат ауыз күйдіреді.
* * * * *
Жақсы жұмыс жігеріңді қоздырады,
Жаман жұмыс жүйкеңді тоздырады.
* * * * *
Кең дүние бар, кеңдік жоқ,
Еркіндік бар, теңдік жоқ.
* * * * *
Ұлты жоқ адамнан,
Ұрпағы жоқ адам бақытты.
* * * * *
Кедейлік шынықтырады,
Байлық құнықтырады.
* * * * *
Шындық ұстарадан өткір,
Не қолыңды, не жолыңды кеседі.
* * * * *
Алыпты жықсаңда,
Ақылдыдан жығыласың.
* * * * *
Мансапқордың кеңсесі биік,
Еңбекқордың еңсесі биік.
* * * * *
Емешегіс үзіледі ел десем,
Мен сенемін елімізге сен де сен.
Жамбыл бабаның қанатты сөздері
Ақылыңды ашу қыспасын,
Ашушаң болсаң
Сол қолың, оң қолыңды ұстасын.
* * * * *
Шамшырақ деген тас жатыр,
Теңіздің терең түбінде.
Май құйған шам сөнсе де,
Шамшырақ сөнбес өмірде.
* * * * *
Жердің сөлін жер жуар,
Елдің кегін ер қуар.
Дауыл тұрса бұлт қуар,
Жердегі жауды жұрт қуар.
* * * * *
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі ел бастар.
Адал туған ұл болсаң,
Халық сүйіп қолға ұстар.
* * * * *
Жасықтан асыл шықпас қайрағанмен,
Жабыдан жүйрік шықпас байлағанмен.
Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері
Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас,
Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес.
* * * * *
Ұл атаның ері, екі көзінің бірі.
* * * * *
Өнегелі болса - бала көрікті.
* * * * *
Мықты, жүйрік асауға, қорқақ жігіт міне алмас.
* * * * *
Əдепті сөйледе - тыныш отыр.
* * * * *
Жалғыз жігіт қол болмас,
Бос ыдыстың түбі мықты болмас.
* * * * *
Көрші ақысы - құдай ақысы.
* * * * *
Шіріген мақтадан мата шықпас,
Ескілікті жаудан дос шықпайды.
* * * * *
Қанша қалың жауғанменен,
Қар көктемге қалмайды.
* * * * *
Өтірік сөз өрге баспас,
Пасық кісіден дəулет болмас,
Топырақ төбе болмас.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздері
Қазір бой жарыстыратын заман емес,
Ой жарыстыратын заман.
* * * * *
Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты.
* * * * *
Өсер елдің баласы арманшыл болса,
Өшер елдің баласы жанжалшыл болады.
* * * * *
Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін.
* * * * *
Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік.
* * * * *
Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқыда, мерейтойы да кейінге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі.
* * * * *
Біз бойымыздағы озығымыздан үйреніп, тозығымыздан жирене білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз.
* * * * *
Тəуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
Пайдалы сілтеме:
Ұлағатты сөздер
Мақал-мәтелдер