tengrinews.kz
- 26 нау. 2026 04:30
- 31
Не себе болған кофеден кейінгі әлсіздік пен бас ауруының себебі анықталды
Таңертең оянғаннан кейін бірден ішілетін кофе адамның жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бұл туралы британдық фармацевт Роджина Шамс Натери мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл әдет ағзадағы сусыздануды күшейтіп, сергек болуға жауапты гормондардың табиғи жұмысына кедергі келтіреді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маманның айтуынша, егер адам ұйқыдан кейін ағзаның сусыздануын қалпына келтірмесе, яғни бір стақан су ішпесе, бұл бас ауруына, әлсіздікке және шаршау сезіміне әкелуі ықтимал. Себебі, таңертең ағзада кортизол гормонының деңгейі табиғи түрде артады. Бұл гормон адамның ұйқыдан оянуына көмектеседі. Ал осы уақытта ішілетін кофеин бұл механизмнің жұмысын бұзуы мүмкін.
Кофе ішудің дұрыс уақыты
Сондықтан, эксперт алдымен бір стақан су ішіп, ағзаның су балансын қалпына келтіруге кеңес береді. Ал кофе ішуді таңертең оянғаннан кейін 60-90 минуттан кейін жүзеге асыру ұсынылады. Маманның пікірінше, бұл уақыт аралығында гормондар жүйесі тұрақтанады және кофеиннің әсері жұмсақ әрі тиімді болады.
Таңертеңгі басқа да әдеттер
Фармацевт таңертеңгілік жағдайға әсер ететін басқа да әдеттерді атап өтті. Мысалы, тәтті таңғы ас қандағы қант деңгейінің күрт өзгеруіне себеп болып, кейде аш қарынға жаттығу жасау глюкоза қорының азаюына және ағзаның стресстік реакциясының күшеюіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, маман оянғаннан кейін бірден электронды поштаны немесе әлеуметтік желілерді тексеруге кеңес бермейді. Себебі, бұл дофамин гормонының ерте бөлінуіне әкеліп, күндіз ақыл-ойдың шамадан тыс шаршау қаупін арттырады. Сергек сезіну үшін Натери таңды асықпай бастауға шақырады.