Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 47 минут бұрын)
Нұралы ханның Сырымды қонаққа шақыруы

(І нұсқа)

Нұралы хан Сырымды қонаққа шақыру үшін өзінің екі уәзірін жібереді. Шақыра келген уәзірлерге Сырым екі сұрақ қойыпты:

— Көл құсқа бара ма, құс көлге бара ма? Қонақ ордаға бара ма, орда қонаққа бара ма?

Уәзірлер:

— Құс көлге барады, қонақ ордаға барады, — деп бір ауыздан жауап береді.

— Олай болса барыңыз, — деп қайырып жіберіпті.

Бірнеше күн өткеннен соң хан өзі келіпті наразылық білдіріпті келмегеніне және уәзірлеріне сұрақ қойғанына. Сонда Сырым:

— Сіз — құссыз, халық — көл,
Құссыз да халық күн көреді.
Халық — орда, сіз — қонақсыз,
Халық қонақсыз да күн көреді, —

депті. Нұралы тыңдап тұрып:

— Зордан да зор шыға алса, — депті. Сырым:

— Зордан да зор шығар және содан сенің көзің шығар, — депті. Осы ең ақырғы айтыстары екен.

Оқуға кеңес береміз:

Сырым батырдың шешендік сөздері

Сырымға анасының айтқаны (I нұсқа)

Байбақты Сырым батырдың әкесінің атын Дат деп қоюдың сыры?


Жаңалықтар

Жарнама