Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға оксидтердің құрамы, қасиеттері, оксидтердің бір - бірінен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оксидтерді жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіре білуге баулу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырмалар, тірек - сызба, сұрақ - жауап, жеке топтық, ұжымдық жұмыс.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, бор, оқулық, жұмыс дәптері деңгейлі тапсырмалар, тірек сызбалар;

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасы (10минут)
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру (21 минут)
ІV. Жаңа сабақты бекіту (10минут)
V. Бағалау (2минут)
VІ. Үйге тапсырма (1минут)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг
Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз білім шыңына
Жеткізеді біздерді
Химияның сырына
Топқа бөлу. Элементтер жазылған парақшалар арқылы топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасы: Сілтілік металдар, галогендер
«Сиқырлы гүл» ойыны
Элементтер белілген бөліп жазамыз
Металдар Бейметалдар Галогендер
Na, Mg, Ba, Li, Cu C, S, N, O, Cr, P F Cl Br I At
«Кедергілермен көтерілу».
“Химиялық сатымен” көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып жаз. Оларды ата
S (VI)- SO₃- күкірт оксиді
P (V)- P2O5 - Фосфор V оксиді
Al (III)- Al2O3 - алюминий оксиді
Cu (II)- СиО - МысII оксиді
N (IV - NO2 - Азот оксиді
K (I)- K2O - калий оксиді
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Өткенді еске түсірдік енді жаңа сабағымызға көшеміз. Жалпы бізге «Оттек» ұғымы өте таныс. Қане кім «Оттекке» сипаттама береді. Екі элементтен тұратын біреуі оттек болып келетін күрделі затты біз – оксидтер деп атаймыз

Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).
ОКСИДТЕР

Негіздік оксидттер
Екідайлы оксидттер
Қышқылдық оксидттер

Оксидтердің жіктелуі:

түзетіндер
тұз түзбейтіндер: NO, CO CaO, СuO

Оксидтердің алынуы. Оксидтерді алудың бірнеше жолына тоқталайық: жай және күрделі заттар жанғанда, валенттігі төмен оксидтерді тотықтырғанда, ерімейтін негіздерді, оттекті қышқылдардың тұздарын одан әрі қыздырғанда, т. б. тәсілдермен алады.
1. Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуінен:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама