Өлмейтін сөздің иесі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
№3 Көп бейінді қазақ мектеп - гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Қасенова Гүлжан Ержанқызы
Өлмейтін сөздің иесі
Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» романы эпопеясының жазылу тарихы мен идеялық – тақырыптық мазмұнын ашу, Аға дәрежесінде.
Ұлы адам дәрежесінде жеткен тамаша гуманист, ойшыл, философ, ұлы ақын, өмір сүрген заманның әлеуметтік сипатын айқындау. Абай, Зере, Ұлжан бейнесін таныту.
Шығарманы оқуға деген қызығушылығын тудыру, іздене білуге дағдыларын дамыту.
Сахна
1 Сахна Оқушы мен періште арасындағы әңгіме (Сахналық қойылым)
1 бөлім
Кіріспе сөз
1 «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», - деп өсиет қалдырған қазақ халқының ғұлама ойшылы, данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 171 жыл.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгінде бүкіл қазақ елінің мәртебесін көтеріп, әлемге танытып отыр. Сондықтан да ұлы ақынның артында қалдырған еңбектерін жас ұрпақтың санасына жеткізіп, асыл қасиеттерін бойына сіңіру әркімнің де парызы.
ІІ Сахна ашылады
Ұлжан, Зере, Абай көрінісі
Көрініс: - Кел, Абайжан, қоңыр қозым, қымыз ал!
- Әже, бұлдыр - бұлдыр күн өткен, бұрынғыда кім өткен?
- Е, балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағашыларын да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ. Халқына жақын жақсы адам үнемі жарқырап тұратын асыл тас сияқты. Шын асылдық қасиеті жоғалмайды. (кідіріс, музыка ойнап тұрады)
ІІІ. Балалардың дауысы: Қалашылар, қалашылар келеді!
1. Әйел: Анау Абай, Абай ғой, айналайын ай. Апасына айтайықшы.
2. Әйел: Бәсе - е, телғара ғой...(ойланып) жаным - ау, мынау... нық үнмен Телғара! Әпкеме айтайыншы. Жиналған жұрт қалашыларды күтіп тұрады. Қасында Байтас пен Жұмабай Абай кіріп келеді де көзі бірден шешесіне түседі.
3. Абай: Апа. Абай өзіне қарай жүгіре бергенде, апасы әкесін нұсқайды. 4. Апасы: Әй шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр...! Сәлем бер! Құнанбайдың қасында 2 - 3 кісі бар олар өзара әңгімелесіп тұр. Байтас, Жұмабай, Абай үшеуі барып Құнанбайға сәлем берді.
- Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумассалам!
Құнанбай: балам. Бойың өсіп ержетіп қалыпсың - ау! Молда болдың ба? Бойыңдай болып білімің де өсті ме?
Абай: Шүкірлік әке! Біраз тұрып ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым. Шымылдық жабылады.
І Құнанбай мен Ұлжан әңгімесі. Абай жолы...
Ұлжан:
- Мырза, аталық арманыңды ақтар балаң болсын. Сен үшін де, өзің үшін де тілер бар тілегім осы ғана. Мынадай сапарына кінә түгіл наз ертсем, оным білместік. Мені дардай етіп көтеріп аттың. Бірақ мен ондай емеспін ғой. Әр кездегі ішімді ойласам өзімнің де кінәм көп. Жөн бе, теріспе білмеймін, мырза.
- Жастықта адамға төсек те, үй де, тіпті, дүние де тар екен. Ал егде тартып, зауал шағына бейімдеген сайын дүние кеңейе береді екен. Өзің салсаң, кішірейе беріп, айналаң қуыс дүниені көп тауып, суына бастайды екенсің. Осы көңіл мені жеңгеніне көп болған.
ІІ бөлім
І Абай сахнаға шығады
Оқушылардың орындауында «Айттым сәлем Қаламқас»
І қара сөз оқылады.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре - көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз – күнсіз де кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Абай ата! Қасиетті ұлы Абыз! Өзіңіз үміт артқан ұрпақтарыңыз өнегелі сөздеріңді толғамақ.
ІІ Оқушылар сахнаға шығып, афоризм, өлеңдер оқиды.
37 - қара сөзі
1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
2. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
3. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың.
4. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.
5. Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.
6. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
7. Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел, алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс, жұмыр келсін айналасы. (өлең толығымен оқылады)
Өлсем орыным қара жер, сыз болмай ма?
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.
Ішім — толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
Қос ақын қазағымда дара туған,
Мәңгі өлмес, өнегелі дана тұлғаң.
Ұрпағыңа өшпейтін із қалдырып,
Серпілткен ой асылын санатамын.
Әр сөзің санаға сай, киелі еді.
Жас талап, жетілсе деп, тілеп еді...
Жетсем деп, биігіңе қол созамын,
Шақырып, көк әлемнің көкжиегі.
Қара сөз, өлеңдерің бізге мәлім.
Жұртыма сабақ болар, сөзің - тәлім.
Қиыннан қиыстырып сөз сарасын,
Паш етем, ұрпағыңа жеткенше мәлім.
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,
Оза шауып, үзеңгі қағысқанда.
Жас талап келіп тұрған, саусақ жайып,
Тілейік сәттілік жол табыстарға!
Абай
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жан, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Ол – Абай, дара ақын, дана ақын.
Қалдырған дәмді, асыл сөздің парқын.
Әр сөзі үлгі – өнеге, жанға сая,
Жілге жеңіл, жүрекке өте жақын.
Қорытынды сөз...