Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Бірлік жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Байсеитова Сандуғаш Хазизатқызы
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: Оқушыларға шығарманың мазмұнын меңгерту, білімдерін тереңдету. Көркемдік ерекшелігіне талдауға үйрету. Шығарманың идеясын, тақырыбын ашу.
ә) дамытушылық мақсаты: Ақпараттар жинау, оны сұрыптай алуға, таңдауға, моделдеуге, салыстыра білуге, өз пікірін айтып, оны қорғай алу машықтарын дамыту. Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ынтасын, ізденушілік белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, әдеби теориялық ұғымдарын тереңінен меңгерту, қорытынды ой түю.
б) тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мақсат қоюға, оны іске асыруға баулу, бауырмалдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өзгелердің пікірін тыңдап, өз шешімін айтып, бір - бірін бағалап, қарым - қатынас әдебін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру. топтастыру, түсіндіру, тіл дамыту, проблемалық жағдаяттар тудыру.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, мақал - мәтелдер, газет материалдары, түсіндірме сөздіктер, белсенді тақта, бағалау парақтары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, география.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың назарын бүгінгі өтетін сабаққа аудару.
2. Сыныпты екі топқа бөлу. «Ұлағат» тобы, «Шапағат» тобы.
3. Бағалау парақтарын беру. Әр топ белсенділері өз тобындағы оқушыларының жауаптарына әр тапсырмадан кейін балдық жүйемен балл қойып отырады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. қосымша ақпараттарды пайдаланып, өздіктерінен ізденіп, берілген сұрақтарға жауап тауып келу керек болатын)
І. Бәйге (Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылық жолынан сұрақтар қою). Әр дұрыс жауапқа топ белсендісі өз балын қойып отырады. Әр топтың партасына көк, сары, қызыл түсті қағаздар қойылады. Соңында осы түс бойынша сабақты кім қаншалықты меңгергендігін білдіреді).
І топ. «Ұлағат» Сұрақтар кезек - кезек диктафон арқылы оқылады.
1. Ғ. Мүсірепов қай жылы дүниеге келді? (1902ж).
2. Қай ауданда дүниеге келді? (Жамбыл).
3. Әкесінің аты кім? (Махмут).
4. Ғ. Мүсірепов пьесалары? («Қыз Жібек», «Амангелді», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»).
5. «Жаңа достар» әңгімесі қандай романнан үзінді? («Қазақ солдаты»).
6. Ғ. Мүсіреповтің 100 жылдығын қашан тойладық? (2002ж).
ІІ топ. «Шапағат»
1. Ғ. Мүсірепов қай жылы қайтыс болды? (1985ж).
2. Ғ. Мүсірепов қандай отбасында дүниеге келді? (Кедей).
3. Ғ. Мүсіреповтің романдары? («Оянған өлке», «Қазақ солдаты», «Ұлпан» т. б).
4. «Қазақ солдаты» романының бұрынғы атауы? ( «Қазақ батыры»).
5. Ғ. Мүсірепов неше жасында дүние салды? (83жасында).
6. Ғ. Мүсірепов кім? (жазушы, қоғам қайраткері, академик, драматург).
Итербелсенді тақтада мынадай өлең жолдары жазылып тұрады:
«Қадірлі дос!
Таппай жүрсің сырласар сыңарыңды,
Біледі деп бет - жүзімді, қырларымды.
Жібі түзу жан іздеп бұл өмірден,
Жанның бәрін болады деп жанашырлы.
(М. Мақатаев).
Мұғалім: - Балалар, тақтадағы мына бір өлең жолдарына назарымызды аударайықшы!
Оқимын, - неге бұл өлең жолдарын алды деп ойлайсыңдар?
Оқушының жауабы:
Мұғалім: - Қандай тақырыпта ой қозғалады. Бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақ, қалай ойлайсыңдар?
- Кәне, кімнің қандай мақсаттары бар? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Енді осы мақсатарыңнан ортақ бір мақсатқа жету, дос жайында кеңірек мағлұмат алу, оны өз өмірімізде шынайы достықты қалыптастыру.
2 - топқа екі түрлі қағаз ұсынып, таңдату. Ондағы сұрақтарыңа топпен дайындалып, жауап берулерің керек. Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.
І топ. 1. «Жаңа достар» ол қандай достар? Өз пікірлерің.
2. Өз ұғымдарыңды топтастыру әдісі арқылы сызбаға түсіру.
/ Екінші топ қарсыластарының жауаптарын тыңдап, өз пікірлерін білдіреді /.
ІІ топ. 1.«Ескі достар» ол қандай достар? Ол туралы өз пікірлерің.
2. Өз түсініктеріңді топтастыру әдісі бойынша сызбаға түсіру.
/ Қарсы топ өз пікірлерін білдіреді /.
Мысалы мынадай үлгіде интербелсенді тақтада сызбаға түсіріп көрсетеді:
▪ Жаңа достар
↓
қиын кезде қол ұшын беретін
жан сырын түсінетін
сенімді
онсыз өмір қызықсыз
онсыз өмір қызықсыз
▪ Ескі достар
↓
мәңгілік дос болып қалады
жаныңа ыстық
орны бөлек жан
туысқаныңдай
Келесі интербелсенді тақтада мынадай екі топқа сұрақ берілген:
- «Жаңа достар» әңгімесінен өздеріңе дос болатындай серік, дос таба алдың ба? Бар болса ол кім, неге дос деп санадың? Мысалы: Қайрош немесе Шеген, әлде Бораш. Бойындағы қасиеттері бойынша сызбаға түсіріп береміз.
Интербелсенді тақтада:
Қайрош қандай?
Шеген қандай?
Бораш қандай?
Сабақты қорыту: 1. - Ойымызды жинақтап, өз пікірімізді өлең немесе ойтолғау жазумен, әлде мақал - мәтелмен түйіндеп шығу.
1. Сабақтың басында әр қайсымыз өз мақсатымызды қойған едік, сол мақсатқа жеттік пе?
3. Бүгінгі сабақтан алған әсерің?
4. Осы сабақтан не білдім? Нені білгім келеді?
Үйге тапсырма: 1. «Менің досым» тақырыбына шығарма жазу.
Топ белсенділері өз бағаларын айтады. Бағалау парағын тапсырады.
Әр оқушы өздерінің бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендігін қағаз түстері бойынша анықтап береді. / тақтаға орналастырады /.
Көк түсті қағаз: сабақ өте ұнады. Мен ризамын.
Сары түсті қағаз: кішкене қиналдым, бірақ жеңе білдім, сабақ дегенмен ұнады.
Қызыл түсті қағаз: қиындықтар болды, әлі де көмек күтемін, өйткені қиналдым.
Мұғалім: - Өмірде адал достарың көп болсын,- деген ниетпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймын.
Сабақтардан көрініс
Толық нұсқасын жүктеу