Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Он көлеміндегі сандарды қосу және азайтуды қайталау (ертегі еліне саяхат)
Сабақтың тақырыбы: Он көлеміндегі сандарды қосу және азайтуды қайталау. (ертегі еліне саяхат)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, жүйелі түрде еңбек етуге және барлық тапсырма түрлерін орындау қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: ертегі ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: актив ст, оқулық, натурал сандар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бүгін бізде математикадан ашық сабақ өтеді. Біздің ашық сабағымызға қонақтар келіпті, ендеше сол кісілермен амандасайық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: қайталау сабағы. Сондықтан әрқайсыңыз математика сабағында бүгінге дейін не үйреніп, не білгендеріңізді еске түсіріп, пайдалана білу керексіздер.

Психологиялық дайындық: Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз
- 1, 2, 3
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты қоямыз
Сабақты бізі бастаймыз
Картамен жұмыс
- Балалар біз қандай облыста тұрамыз?
- Ал қандай ауданда?
- Біздің ауданымызда қандай орманды жер бар?
- Қалай аталады?
- Балалар, бүгін біз Аманқарағай орманының әлеміне саяхатқа шығамыз. Бұл жай орман емес, мұнда сендердің математикалық білімдерін қажет болады.

Кіріспе сөз. «Раушан мен Асан» оқиғасы.
Мына орманда орманшының үйі бар. Орманшының Раушан мен Асан атты екі баласы бар екен. Раушан – бес жаста, Асан одан екі жас кіші. Сонда Асан неше жаста? (3 жаста)
Бір күні екеуінің әке - шешелері қыдырып кетеді. Раушанға Асанды тапсырып кетеді. Раушан есік алдында Асанды ойнатып отырады да, іші пысып кетеді. Раушан Асанды жалғыз қалдырады да, өзі ойнауға кетіп қалады. Осы кезде «ғажайып аққулар»ұшып келіп, Асанды алып кетеді.
Раушан үйіне келсе, інісі жоқ, іздеп таба алмайды. Іздеуге жолға шығады. Үйдің алдында бір алма ағашы бар болатын. Раушан:
- Алма ағашы, менің інімді көрдің бе? Інімді іздеп табуға көмектесші,- дейді.
Сонда алма ағашы былай дейді.
- Көмектесейін, бірақ сен де маған бір көмегіңді бер. Мынау алмаларымды қып - қызыл болып пісіп, басымды көтере алмай тұрмын. Менің алмамды жинауға көмектес. Раушан алмасын жинауға кіріседі.
- Қане, балалар, біз де Раушанға көмектесейік.

Алма ағашы:- Сенің ініңді алып кеткен аққулар орманның оң жағына ұшып кетті.
Раушан орманның ішіне кірді. Алдынан кірпі шықты.

Кірпінің 1 - тапсырмасы.
Сандарды өсу ретімен айту, кему ретімен айту.
4, 6, 3 көршілерін табу.
Берілген натурал сандардан қосынды, айырма, теңдік жазу.
Бірінші қосылғыш 4 екінші қосылғыш3 қосындының мәнің тап.
Бірінші қосылғыш 5 екінші қосылғыш2 қосындының мәнің тап.
Азайғыш 10 азайтқыш 6 айырманың мәнің тап
Азайғыш 9 азайтқыш 1 айырманың мәнің тап
7 мен 5 сандарынан теңсіздік құр
1 мен 4 сандарынан теңсіздік құр

2 - тапсырма Жұмбақ шешу
Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап
Жауабы: тоқылдақ
Тоқылдақ сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
Қандай дауысты дыбыстар?
Кірпі бізге тиінға жіберді. Тиін ағаштан ағашқа секіріп жүріп көп нәрсе біледі.

Тиіннің тапсырмасы. Дәптермен жұмыс
Наурыздың бесі
Сынып жұмысы
5 сипаттама беру (бір таңбалы сан, бір тор көзде жазылады, 4+1 қосын. мәні 5 болады, көршілері 4 және 6т. б)
Көркем жазу 4, 6 цифрын жазу
Сөз есеп шығару
Ол аққулар жалмауыз кемпірдікі. Оның үйін осы жолмен тіке барсаңдар табасыңдар – деп жауап берді.

Сергіту сәті «Пингвиндер биі»
Жалмауыз кемпір:- Менің жақсы досым бар, бірақ ол өзенге түсіп, түссіз болып қалды. Егер маған оны бояп беруге көмектесең аққуларым ініңді үйіне апарады. Жалмауыз кемпірдің тапсырмасы.
Карлсонды бояу
Рахмет. Сен, балам, келген жолыңмен үйіңе қайта бер, менің «ғажайып аққуларым»ініңді үйіңе апарады.
Раушан үйге келсе, аққулар Асанды есік алдына отырғызып кетіпті.
Раушанға көмектескендеріңе мен өте қуаныштымын. Ал енді күнделіктеріңді ашып үй жұмысын жазып алыңдар.

Бағалау.
Сабақты қорытындылау. Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сендердің алдарыңда күннің суреті жатыр, оған тек аузын бейнелеңдер. егер сабақ ұнаса күліп тұрғаның, ұнамаса түзу қоясыңдар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама