- 05 нау. 2024 04:23
- 278
Он саусақ
Мақсаты: баланың сипап сезу, есту сезім мүшелерінің дамуына көмектесу, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Түрі: тренинг
Әдіс - тәсілдері: ойын, жеке және топтық жұмыс
Ұйымдастыру реті:
1. Шаттық шеңбері:
2. «Мені тап» ойыны
3. Жеке баламен жұмыс жасау (әр балаға жеке тапсырма беру)
4. «Ағаш жапырақтары»
1. Шаттық шеңбері.
Саусақ жаттығулары
Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
Піл: оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
Доп: алақандар бір - бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
Гүл: қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
2. «Мені тап» ойыны
Мақсаты: сипап сезу арқылы таным үрдісін дамыту.
Нұсқауы: балалардың алдына карточкалар мен ішінде әртүрлі дақылдар жасырылған шарлар мен капсулалар таратылады. Балалар сол шарларды ұстап қарау арқылы және капсулаларды қозғау арқылы не бар екенін анықтап карточкаға сәйкестендіріп қоюы керек. Ол капсуланың ішінде: секер, тиын, моншақ, т. б. жасырылады.
3. Жеке жұмыс: Әр балаға жеке жұмыс таратылады.
1. Жіпке ілгек пен моншақтарды тізу;
2. Жармаларды сәйкестендіру;
3. Макарондарды жіпке тізу (2 бала бірге жасайды);
4. Жарманы воронкаға қасықпен құю;
5. Шар мен капсуладағы жасырылған заттарды табу (2 бала бірге жасайды);
6. Бұршақты жармадан сүзіп алу;
7. Макаронды түсіне қарай бөлу (2 бала бірге жасайды);
4. «Ағаш жапырақтары»
Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту.
Көрнекілігі мен құралдары: Ағаштың суреті, желім, ағаштың шаблоны, жарма.
Нұсқауы: Ағаштың шаблонын пайдаланып желімді қылқаламмен жағып, үстіне алдын ала боялып дайындалған жарманы себеміз.
Күтілетін нәтиже:
- Икемділігі артады;
- Баланың сөйлеу тілі жетіледі