Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Оқушылардың күйзелістен шығу жолдарын бақылау
Оқушылардың күйзелістен шығу жолдарын бақылау
Мақсаты: Психологиалық әдістерді пайдалана отырып, күйзелістен арылу дағдысын қалыптастыру. Теориялық аспектілерге тоқталу және стресстен арылудың жаттығуларын ұсыну.
Тақырыптың міндеті:
Кеңес беруде қолданылатын әдістемелік тәсілдерді қолдану, пайдалану.
Психологиялық тренингтерді пайдалану арқылы адамның тәрбие үрдісін әр түрлі әдіс - тәсілдермен түрлендіру, жетілдіру.
Конструктивті шешімдер арқылы қорқыныш пен қиындықтардың қандай түрін болса да жеңіп, өз денесіне адамның өзі билік жүргізе алатынын, өмірге деген көзқарасын дамытуды көздейді.
Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері
Адамның өзін әр түрлі психологиялық күйзелістің зиянды әсеріне қарсы тұрудың шығармашылығын жаттығулар арқылы дамыту.
Күйзеліс - депрессия жаһандық дерті.
Депрессия (латынша deprimo – жабығу, торығу, құлдырау) – бұл психикалық ауытқу. Оның негізгі үш белгісі бар: өмірге қызығушылығының төмендеуі, көңіл күйдің бұзылуы (ангедония), ой мен сананың сергелдеңі, яғни жағымсыз ойларға бой алдыру және белсенділіктің жоғалуы. Күйзеліс ұғымы адам болмысына қарай белгіленген төрт темпераменттің ішінде меланхолиямен пара - пар.
Күйзеліс дерті бұрыннан бар. Бірақ бұл ұғым баяғы заманның емес, қарыштаған қазіргі заманның сүйікті сөзіне айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі жаһандану дәуірінде күйзеліске түспеген жан кемде - кем. Өйткені, әлемдік көрсеткіштер бойынша жүрек қан - тамырлары ауруынан кейінгі орында тұрған осы ауру. Қазақтың қамығу, күйзеліс, жабығу, торығу сөздеріне сиятын күйзелістің ақыр соңында адамды өзін - өзі саналы түрде басқара алмауына әкеледі.
Қым-қуыт тіршілікте жұмыр басты пенде белгілі бір кезеңде психологиялық күйзелісті бастан кешіретіні аян. «Дәл қазір күйзелісте жүрмін» деген сөзді он адамның тоғызы жиі айтатын болды. Бұрын - соңды мұндай сөзді құлағымыз шалмаушы еді. Ал қазір екінің бірі күйзелістік жағдайға душар болғандар. Әлем халқының 20 пайызы өмір бойы депрессиялық күйзелісте жүреді екен.

Күйзеліс - адамның психологиялық ауытқуы. Көбіне көңіл - күйі болмаған немесе қандай да бір қайғылы оқиғаны, жағымсыз кезеңді бастан өткерген адам күйзеліске ұшырайды. Психолог - мамандардың айтуынша, әсіресе, күз, көктем мезгілдерінде адамдар күйзелістік күйге тап болады. Бір қызығы, әлемде әрбір жиырмасыншы адам қандай да бір депрессиялық күйзелісті бастан кешіреді екен. Америкалық мамандар күйзелісті «психологиялық тұмау» деп айдар таққан. Яғни, бұл дерт бүгінде қарапайым тұмау сияқты қаптап кеткен дегенді білдіреді. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында жыл сайын 15 миллион адам «психологиялық тұмауға» тап болады. Ал жаһан халқының 5 пайызы депрессиялық күйзелісте жүреді екен. «Күйзеліс - адамның өмір сүруге бейімділігін сипаттайтын жаһандық дерт» деген пікір бар. Ең қызығы жер - жаһанның миллиондаған адамы аталмыш дертпен бетпе-бет кездессе де, одан шығу жолын, пайда болу себептерін дөп басып ешкім айта алмайды.

Гиппократ күйзеліске ұқсас психологиялық күйреуге «адам миының қара сөлге толуы» деп анықтама берген.
Психологтар ХХ ғасырға тән дерт деп атаса да, күйзеліс ХХІ ғасырға адамзатпен бірге аяқ басты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымынша, алдағы он жылда күйзеліс адамды өлімге жетелейтін аурулардың қатарына жатқызылады-мыс. Тіпті жүрек-қан тамырларынан баса озып алдыңғы қатарға шығады. Шамасы, адамның психологиялық күйзелісі күн санап белең алып келетін сияқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Гарвард университетінің зерттеулері бойынша, әлемде 121 миллион адамның бойынан күйзеліс дерт табылған. Ең сорақысы, жыл сайын 850 мың адам күйзелістің салдарынан өзіне-өзі қол салады.

Мамандар күйзелісті үш түрге бөледі.
Біріншісі - адамның инфаркт, жүрек ауруларына жиі ұшырауы және түрлі жарақат сияқты дертке тап болуымен қалыптасатын депрессия.
Екіншісі - эндогендік депрессия. Яки адамның ішкі жан дүниесінің тереңінен пайда болатын дерт. Эндогендік депрессия адамға кері әсер етеді. Дәл осы депрессиялық күйге түскен адам айналасындағы құбылыстарға баға бере алмай, белгілі бір сезімдерді бастан кешіре алмай дал болады.
Үшінші - түрі психогендік деп аталады. Адамның психикалық ауытқуы салдарынан пайда болатын депрессияның бұл түрі тіпті қайғылы жағдайға итермелеуі мүмкін. Тағы бір қызық пайым. Ер - азаматтарға қарағанда, нәзік жандылар күйзелістік күйге жиі тап болады. Зерттеулерге жүгінсек, әйелдер күйзеліске ерлерге қарағанда 2 - 3 есе көп екен. Бұл - әйел бойындағы гармондық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Мәселен, аяғы ауыр немесе босанған әйелдің психологиялық күйі жиі өзгереді. Тіпті дәл осы кезеңде нәзік жандылар мына әлемнен баз кешіп, бәрінен бас тартады. Бірақ мұндай күйзеліс ұзаққа созылмайды. Қарапайым халықтың тілімен айтқанда, мұндай депрессия «ұмытшақ ауру» сияқты. Бір мезетте пайда болып, бір мезетте жоғалады. Ал қара күштің иесі күйзеліске сирек тап болғанымен, дертті оңай еңсере алмайды. Өйткені ер - азамат үшін психологиялық күйзеліске тап болу - намысын аяқасты етумен пара-пар.
Мамандардың айтуынша, ер - азаматтар дертін мойындаудың орнына маскүнемдікке салынады. Яки арақ ішіп өзара арпалысты тыйып, бірер уақытқа дерттен айықтырады деп алданады ер - азаматтар. Күйзеліске тап болған ер - азамат өмірмен қоштасуға да дайын тұрады. Әсіресе, жас жігіттер мен қарттардың арасында күйзелісті еңсере алмай, өзіне - өзі қол салушылар басым.

Өз - өзіне қалай көмек көрсетуге болады?
Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды.
Күйзеліспен күрестегі басты қару – кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау.
Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте сақтап, қолдану қажет.
Бірінші қағида: Барынша өз - өзін сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол - аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді.
Екінші қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс - қимыл сізді ашуланудан арылтады.
Үшінші қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл - күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай - ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар.
Төртінші қағида: сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді. Су процедураларын жағымды музыка тыңдаумен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж жасату қажет.
Бесінші қағида: қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Ал мұндай фильм әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл көтеріп, осы көңіл - күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз. Бастысы — есте сақтаңыз: күйзелістен қашпау керек — өз - өзін ұстау қажет. Мәселен күйзеліс деген бізбен болған жағдай емес, бұл қандай да бір жағдайға қалай қарағанымыз.
Ал күйзеліс симптомдарынан арылу үшін мынаны пайдаланыңыз:
1. Өз - өзіне гипноз жасау (бұл күйзелістен арылудың бірден - бір тәсілі)
2. Аутогенді жаттығу
3. Жеке күнделік бастау
4. Медитация (бұл күйзелістен арылудың ең жақсысы)
5. Йога – бұл тек күйзелістен арылуға ғана емес, жалпы организмді гармонияға келтіреді.
6. Дем алу жаттығулары
7. Ойындар (тек үстелдегі немесе компьютерді жай ойындар, азарттық ойындар тек күйзелістен арылтып қана қоймай, кейде кедергі келтіруі мүмкін)
8. Секс
9. Күлкі
10. Биологиялық кері байланыс
11. Музыкалық терапия
12. Жаяу серуендеу
13. Бау - бақшадағы жұмыс
14. Тайм - Менеджмент немесе жеке уақытын басқару
15. Жақсы көретін музыканы тыңдау
16. Дұрыс тамақтану
17. Адамдармен сөйлесу техникасын үйрену
18. Ароматерапия
19. Кофені және кофеині бар сусындарды ішуді азайту
20. Алкогольді шектеп ішу (асыра ішпеңіз!)
21. Көк чай
22. Теледидар бағдарламаларын және фильмдерді көру
Алдын - ала ескерту! Күйзеліс жағдайлары жиі болған кезде гипертонияны болдырмау үшін күні бойы күре тамырдағы қан қысымын өлшеу қажет және егер ұзақ уақыт бойы күйзелісте болсаңыз маманға жолығу керек.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
Жаңаарқа жалпы орта білім беретін
мектебінің психологы: Елеусизова Жазира

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама