Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 04 мау. 2026 18:00
- 21
"Біреуді іздеу үшін өлу керек пе?": Досхан Жолжақсынов Меруерт Өтекешоваға қатысты алаңдаушылығын білдірді
Қазақ киносының майталман актері Досхан Жолжақсынов, «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешованың бүгінгі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Актердің айтуынша, халық жадында Меруерт Өтекешова мен «Қыз Жібек» бейнесі ажырамас болып қалған.
Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты. Актер тарихи және мәдени құндылығы бар жәдігерлерді лайықты деңгейде сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.
«Кешегі Қыз Жібекті ойнаған Меруерт. Меруертті іздесе, Қыз Жібек деп, сол қоғам, сол орта. Бүгінгі сүлейлер қайда қалды? Бәлкім «Қыз Жібек» киген камзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де еске алмас еді. Ал Қыз Жібектің киген камзолы төбемізге көтеріп, тәж етсек, оның киімі де сондай.
Ол Шәкен Аймановтың музейіне тапсырылу керек. Сонда тұру керек. Не болмаса, біздің Орталық музейімізге тапсырылу керек. Міне, осындай дүниелерді ойлайсың да, «Аһ» ұрасың. Құдай-ау, біз қай бағыттамыз? Біз қайда кетіп бара жатырмыз?
Сонда бір қазақ біреуді біреу іздеу үшін, өлу керек пе? Сонда ғана сені біреу іздейтін болады ғой», — деп қынжылды актер.