Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 минут бұрын)
Айнұр Тұрсынбаеваның жас күйеуі: "Қыздарым – менің ең үлкен байлығым"

Айнұр Тұрсынбаеваның жас күйеуі Нұржан Иманәлиев өзінің Instagram парақшасында бұрынғы некесінен туған қыздары Айша мен Анисаны көрсетті. Ол сүйікті жарының балаларына қамқорлық жасап, олармен жақсы қарым-қатынас орнатқанын айтып, алғысын білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұржан Иманәлиевтің айтуынша, қыздары – оның өміріндегі ең үлкен бақыты. Ол былай деп жазды: "Қыз бала – әкесінің жүрегіндегі ең нәзік аманат. Алла маған үлкен нығметтерін берді. Менің Айша мен Аниса атты екі қызым бар. Бұл дүниеде мен өзім үшін емес, көбіне сол балаларымның болашағы үшін уайымдаймын. Өйткені ата-ана үшін баласының амандығы мен бақыты бәрінен қымбат. Айша, Аниса және Мағди – менің ең үлкен байлығым. Дүниедегі барлық жетістік пен байлық баланың амандығының алдында түк емес".

Желідегі пікірлер

Бұл жазба желі қолданушыларының жылы лебіздеріне ие болды. Көпшілік Нұржанның балаларға деген мейірімділігін жоғары бағалап, Айнұр Тұрсынбаеваға да ризашылығын білдірді. Кейбір пікірлерде: "Қандай күшті, бірақ қасында тұрмағасын, қанша барып көңіл бөлсең де, олардың жүрегі жаралы", "Қыздарыңыз ба, сүйкімді екен", "Айнұр әпкемізге де үлкен рахмет! Еркін кездесулеріне рұқсат берген! Әйел қарсы болса қиын! Айнұр әпкеміз алтын!" деп жазылды.

Нұржан Иманәлиев балалардың анасы туралы сұрағандарға: "Үйлерінде шығар, мүмкін жұмыстарында", деп жауап берген. Ал Айнұр Тұрсынбаеваның өзі жанында екенін айтты.

Жаңалықтар

Жарнама