Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Орыс мектебінде Ресейге кету ниеті барлар ғана оқиды

Орыс мектебінде Ресейге кету ниеті барлар ғана оқиды

Білім министрі орыс сыныбында оқитын 500 мың баланы 3 жылда қазақ тілінде сөйлетуге уәде берді дейді. Қызық, жылпы күреспейтін дүниемен күресеміз.

Биыл мектеп бітірушілердің 74 % -ы қазақ тілінде, 26 % орыс тілінде ҰБТ тапсырды, егер осы бағытпен кете берсек енді 5 ары кетсе 10 жылда бұл көрсеткіш қазақ тілді оқушы 90% орыс тілді көрсеткіш 10% - ға түседі. Осы бағытпен кете берсе бұл өздігінен ешқандай қаржы төгусіз ақ шешіледі. Оған бола мемлекеттен қыруар қаржы бөлгенше сол қаржыны оқулық сапаландыру, мектептерді зертханалармен толықтау ұстаздардың жағдайын жасауға жұмсаса екі жеп биге шығар еді:

Әттең, бір кем дүние!

Қазір орыс мектебіне тек орыс тілді қазақтардың белгілі бір бөлігі және Ресейге кету ниеті бар орыстар ғана оқытады. Ал, басқа ұлттардың көбісі баласын қазақ мектептеріне беру үрдісі басталғалы біраз жылдың жүзі болды.

Сондай-ақ, қазақ мектептерінің білім сапасы оырс мектептерінен артта деген түсініктен оянатын кез келді ғой. Жай ғана дәлел: Астана қаласының мектептерінің рейтінгісінің алдыңғы 10 дығында бір де бір орыс мектебі жоқ, 8 қазақ мектебі және 2 аралас мектеп бар. Бұл қазақ мектептерінің төмен емес, керісінше баяғыда орыс мектептерін артқа тастап кеткенін көрсетеді.

Сол үшін де, орыс мектебі немесе орыс тілді балалар деп, басы артық проблема ойлап тапқанды қою керек секілді...

 
Аятжан Ахметжан, Республикалық «ҚАЗБІЛІМ» орталығы директоры. Қазбілім порталының бас редакторы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама