Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Орысша баяндама жасаған шенеунік Бердібек Сапарбаевтан сөз естіді

Ақтөбе облысының әкімі  Бердібек Сапарбаев орысша баяндама жасаған облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбековаға ескерту жасады.


Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

Білім басқармасы басшысы өз баяндамасын қазақ тілінде бастағанымен, біраз кібіртіктеді. Сосын ресми тілге ауысты.

Аталған лауазымға таяуда ғана тағайындалған Сәуле Өмірбекова ҰБТ сынағының нәтижелері мен колледждерде дуальды білім беру жүйесін енгізу туралы мағлұматтармен бөлісті.

Ол өз баяндамасын аяқтаған кезде жиынға төрағалық еткен өңір басшысы оған ескерту жасады.

— “Сіз бір нәрсені ұмытпаңыз. Сіз білім басқармасын басқарасыз. Келесі жолы баяндамаңызды қазақша жасаңыз”, — деді Бердібек Сапарбаев.

— “Жақсы”, — деді өз кемшілігін мойындаған білім басқармасы басшысы.

— “Түнімен дайындалыңыз. Сіз кешегі мектеп директорысыз. Әрине, арасында ресми тілді де қосуға болады енді. Бірақ мемлекеттік тілде сөйлеу керек”, — деді басқаларға да сабақ болсын деген пейілмен сөзін түйіндеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама