Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Түлкі мен қораз (Парсы ертегісі)

Ертеде бір қартайған қораз өмір сүріпті. Ол түлкінің табанына талай рет түсіпті. Бірақ үнемі бір айласын тауып, түлкіден аман құтылып кете беріпті. Сөйтіп ол бірде ауыл сыртында дән теріп, жер шоқып жүрген кезінде түлкінің өзіне қарай жасырына жақындап келе жатқанын көріп қалады.

Қашып кетуге ауыл алыс болады. Қораз жалма-жан ұшып қасында тұрған ескілікті шегіршін ағашына барып қонады. Түлкі ағаштың түбіне жетіп келіп:

— Пәлі, қораз! Сен мені көре сала ағаш басына қонғаның не?, —  дейді. Ал қораз оған:

— Немене, мен сені жүгіріп барып құшақтай алады деп пе едің?, — деп жауап қайтарыпты. Сонда түлкі:

— Мә-ә, сен шыныменен ештеңе білмейсің бе? Падишах барлық көшелер мен базарларға жыршыларын жіберіп, оларға: «Менің бүкіл мемлекетімдегі бірде-бір тірі пенде, бірде-бір аң әлсізді жәбірлемейтін болады. Келешекте бөрілер мен қойлар бір бұлақтан су ішіп, қырандар мен кептерлер бір ұяда өмір сүретін болады» деп жар салуға әмір етіпті. Сен де енді жерге түс, бері кел, екеуіміз бірге қыдырайық, — дейді.

— Екеу – ара емес, топ болып қыдырған жақсы. Сәл шыдай тұр, анау келе жатқан жыртқыштар да жетсін құйындай жүйткіп. Сосын бәріміз бірге қыдырамыз, - деп жауап береді қораз. Сол сәтте түлкі тұрып:

— Ол неткен жыртқыштар? Қандай жыртқыштар? — деп сұрапты.

— Бөрілерге ұқсайды, құлақтары да, құйрықтары да ұзындау көрінеді.

— Мүмкін олар бөрібасар иттер шығар?

— Сірә, солай болар! Түлкі иттер шығар деп ойлайды да алды-артына қарамастан зыта жөнеледі. Ал қораз:

— Сен неге қашасың?, — деп соңынан айқайлай қуады.

— Менің иттермен істес болғым келмейді.

— Сен падишах барлық жыртқыштарға әлсіздерді жәбірлемеңдер деп әмір етті дегенің қайда?

— Өйткені, ол кезде иттер дала кезіп кеткен еді, шахтың нұсқауын естімеген болар. Олар менің етімді талап жейді.
Түлкі осылай деп ғайып болды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама