Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ош қаласындағы Назарбаев мектебі нақты ғылымға бейімделген бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады

Ошта ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан бөлген қаражатқа жаңа заманауи мектеп салынды. Ол нақты ғылымға бейімделген эксперименталдық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады. 

Бұл туралы сейсенбіде «Жетіген» мектеп лицейінің директоры Қыялбек Акматов мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

«Мектепте химия, биология, математика, информатика пәндері тереңдетілген эксперименталдық бағдарламамен оқытылады. Бұдан басқа, ағылшын тілін тереңдетіп игеру бағдарламасы енгізіледі», - деді ол.

Директордың айтуынша, бастауыш сыныптар үшін сағат 8-ден 16.00-ге дейін ұзартылған күн бағдарламасы енгізілді. Сабақ  қырғыз және орыс тілдерінде оқытылады. Мектепке тек үздік оқушылар қабылданады.

Тамыздың аяғында 500 орынға арналған мектеп ресми ашылады деп күтілуде. 1 қыркүйекте оқушылар қабылданады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама