Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Халықаралық олимпиада жеңімпазы атанған оқушылар ҰБТ-дан босатылмайтын болады

Соңғы үш жылда 1 032 түлек ҰБТ-дан босатылған. Бұл туралы бүгін «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың директоры Шолпан Қирабаева мәлім етті.

«Олардың бірінші санаты - «Алтын белгі», екінші санат - Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері, үшіншісі - xалықаралық олимпиада және ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары», - деді Ш. Қирабаева.

Халықаралық олимпиада және ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мектепте қорытынды емтиxан тапсырады. Кейін олардың бағалары сертификат балына ауыстырылады. Осылайша олар білім гранттары байқауына қатыса алады.

Оның сөзіне қарағанда, келесі жылдан бастап, xалықаралық олимпиада медальдары мен дипломдарына ие болған мектеп түлектері да Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға міндетті болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама