Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Осы пейілің үшін көзіңе шөп салып қойған екен ғой

Сары даланың ыстық аптабына шыдап, сабылып, шаршап келе жатқан Қожанасыр әбден шөлдейді. Жол-жөнекей көзіне шөп тығып қойған қайнар бұлаққа кез болады. Шөлдеп келген Қожанасыр бұлақтың көзінен әлгі шөпті суырып ала берген еді, бұлақтың көзі ашылып, су шашып аспанға атылып, Қожанасырдың үсті-басын суға малды да қойды. Қожанасыр шөпті бұлақтың көзіне қайта тығып жатып:

— Осы пейілің үшін көзіңе шөп салып қойған екен ғой, — деген екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама